Жарлқасын А.Н. – ҚарМТУ студенті (НД-16-1 тобы)
Ділдахан Е.С. – ҚарМТУ студенті (НД-16-1 тобы) Ғылыми жетекшісі – п.ғ.м., оқытушы Жаксыбаева А.М.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ
ДАМУЫ
Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – ол сыртқы сауда саясаты. Бұл тақырыпты таңдағанымыздың басты себебі – Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының рөлі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу.
Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда саналады. Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандыру мен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясат [1].
2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай-газ кешені алады. Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми-техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және газ конденсатының қоры үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа шығарылады, бұл мемлекеттік бюджетке табысты түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады.
Мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасының энергетикалық қуат көзін өндіру бойынша екінші орында. Республиканың энергетикалық баланыста мұнай-газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18,6% және 14% құрайды. Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына жағдай жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдау, машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу және тағы басқа салалар жатады.
Халықаралық беталыстардың дамуы әлемдік газ тұтыну көлемінің тұрақты өсуіне тікелей әсер етеді. Қазақстан газының потенциалдық қоры 10,2 трлн м3 деп бағалануда, оның 9,2 трлн м3 бөлігі Каспий маңы ойпатында шоғырланған. Газ қоры бойынша Қазақстан дүниеде 16 орын алатынын көрсетеді және Норвегиядан артта болып, Канада мен Нидерланды сияқты мемлекеттермен бір категорияда екенін көрсетеді.
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді [2].
Республика территориясында мұнай мен газдың ірі барланған қорларының болуы шетелдік инвесторлардың табысты қызметі үшін маңызды жағдай болып табылады. Тартылатын инвестициялардың көп бөлігі Қазақстан экономикасының минералды-шикізат секторының дамуына бағытталған. Сондай-ақ, елдің негізгі инвестициялық потенциалы болып табылатын бай табиғи ресурстардың болуына байланысты республика шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД және Батыс Еуропа елдері арасында алдыңғы орындарға ие болды.
Тәуелсіздіктен кейін, республиканың экономикасына $70 млрд тікелей шетел инвестициялары тартылған, бұл Орта Азияға салынған шетел инвестициялардың 80% құрайды. Қазақстан экономикасына әлемдегі 80-ге жуық шетел мемлекеттерінен инвестиция салынған. Осы мемлекеттердің ішінде ивестиция ағымдарын АҚШ, Ұлыбритания, Италия және Қытай және т.б мемлекеттердің инвесторлары үлкен көлемде инвестиция салған. Шетелдік инвестициялардың үлкен бөлігі шикізатты өндіру саласына жұмсалған. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, 2025 жылға дейін әлемдік барланған мұнай қорының Қазақстанның үлесі 3,3 % — дан 5,5 % — ға дейін жоғарлауы мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының мұнай-газ саласынан тәуелділігі Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) 27 % және жиынтық экспорт көлемде – 56% құрайды [3].
Кез-келген елдің экономикасының жоғарғы дәрежеде болуы, ең алдымен нарықтық жағдайға, яғни сыртқы сауда-саттыққа байланысты деп білеміз, ал негізгі көрсеткіші – экспорт және импорт көлеміне байланысты екені бізге белгілі. Мұнай-газ саласы әлеуметтік-экономикалық жүйеде негізгі орынға ие болып, еліміздің сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыруда негізгі факторлардың біріне айналды. Сондықтан, өнеркәсіптің осы саласының дамуы мемлекеттік деңгейде қарастырылып, оны басқару, жоспарлау мен қаржыландыру мәселелерін шешу жекеменшіктік психологиядан бас тарту қағидасына негізделуі керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Андреещев Р.Ю. «Один шаг вперед, два шага назад», электронды құжат: http://www.ebiblioteka.ru/sources/article
2. Мұнай өндіруші кәсіпорындарындағы өткізу каналдарының дамуы және стратегиялары. Алматы: Экономика және статистика, — 2009. — №1. – Б. 8283.
3. Сахариев С.С, Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» I том, Алматы 2003 ж;