Ошманова М.Ж.. –магистрант ҚазИГЗУ
Ғылыми жетекші – п.ғ.к., Елеупаева Ж.К.,
ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАҒЫ МАҢЫЗЫ
Тұлға қалыптасуында негізгі факторлардың бірі – ол қарым-қатынас. Қарым-қатынас адамды толық түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туғызады. Тарихи қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын анықтайды.
Психологиядағы қарым-қатынас мәселесі туралы психолог
Н.Қ. Тоқсанбаева: «Қарым-қатынас, бұл белгілі-бір өзара қатынас қалыптастыру мақсатындағы мазмұны мен идеялармен, қызығулармен, көзқарастармен, көңіл-күйлермен және т.б. өзара әрекеттермен дамиды.
Қарым-қатынасты зерттеуде:
— біріншіден, қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше типі –
коммуникациялық іс-әрекет;
— екіншіден, қарым-қатынас – кез-келген іс-әрекеттің іске асырылу шартын деген түсініктеме берген. [4] Қарым-қатынасты Б.Г.Ананьев адамдардың әрекеттесуі мен әр түрлі нақты қарым-қатынас жағдайларында болатын, ақпаратта көрінетін, коммуникация және адамның ішкі дүниесінің қайта жаңаруымен бір уақыттағы әлеуметтік және индивидуалды құбылыс ретінде қарастырды. Х.Т. Шерьязданова қарым-қатынас процесін ұйымдастыруды баланың психикалық және тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін құрал ретінде зерттеді. Оның еңбегінде қарым-қатынасты ұйымдастыру мен қолдау болатын жағдайлар, сонымен қатар қарым-қатынастың тұлға дамуындағы рөлі сипатталған. [1] Бірлескен іс–әрекетті қалыптастыру мәселесін нақтылауда ойлау мен қарым–қатынас процесі байланыста жүреді. Осы байланыс туралы профессор С.М. Жақыповтың пайымдауынша индивидтердің бір–бірімен қарым–қатынас процесі барысында жинақталған білімдерінің бірлескен іс– әрекетке қатысатын адамдардың білімдерімен алмасуы, олардың жалпы мақсатқа бағытталған қарым–қатынас процесін құрайды. [2]
Қарым-қатынасты психологиялық категория ретінде қарастыра келе, оған іс-әрекет ретінде түсінік беріледі, сондықтан коммуникативтік ісәрекет термині қарым-қатынас синонимы болып табылады.
Қарым–қатынас тұлғаның танымдық қабілетінің дамуында маңызды орын алады. Кез келген адамның психикалық дамуы қарым–қатынас процесінен тыс болмайды. Тұлғаның ақыл–ойының даму деңгейі оның теориялық білімі мен практикалық іс–әрекеті барысында жүзеге асырылады.
Тұлғаның танымдық іс–әрекетінің қарым–қатынас процесіндегі ерекшеліктері бірлескен іс–әрекет негізінде көрінеді. Бірлескен іс–әрекет жалпы мақсат пен қарым–қатынастың бірлігімен сипатталады. Бірлескен– диалогтық танымдық іс–әрекетті қалыптастыру процесі қарым–қатынаста жүзеге асатындығы С.М. Жақыповтың еңбектерінде көрініс тапқан. [2]
Н.Қ. Тоқсанбаева да қарым – қатынас жайлы адамдар арасындағы түсініспеушіліктің себептері әр түрлі болуы мүмкін: ең негізгі себеп — тыңдай білу деген.[4] Адам қарым-қатынас жасай отырып, өзінің психикалық процестерінің дамуына ықпал етеді, оларға зейін, есте сақтау, қабылдау, сезім және ерік жатады. Әрбір адам пікір білдіру арқылы сана процестерін бағдарлайды. [3].
Тікелей қарым-қатынас әрқашанда адамдардың өзара қарым – қатынас процесінде жасалады, бірақ ақпарат мынандай байланыс құралдары көмегімен беріледі: ым-ишара, пантомимика, дауыс, ауызша сөйлеу. Бұл тікелей қарым — қатынас барысында адамдар үшін бірін-бірі қабылдау объектісі болып табылады.
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы қарым-қатынас процесіндегі оның дамуынан көрінеді. Сонымен қатар тұлғаның танымдық белсенділігін арттыру мақсатындағы қарым-қатынастың алатын орнын басқа адамдармен өзара бірлескен іс-әрекеттегі жағдайы арқылы білуге болады. Ол қарым-қатынасқа түсуші жақтармен ұйымдастырылатын жұмыстар негізінде жүзеге асырылады. Осындай дамыту іс-шараларына тренингтерді, топтық пікір таластарды, іскерлік ойындарды және т.б. жатқызамыз.
Қорыта айтқанда қарым–қатынас барысындағы бірлескен іс–әрекеттің мақсаттары мен мотивтері танымдық іс–әрекеттің дамуы үшін қажетті жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Шерьязданова Х.Т. Психологические основы профессиональной подготовки педагогов и психологов дошкольного образования: дис. на. дра. психол. наук: 19.00.07. – М ., 1999. — 322 с.
2. Джакупов С.М. Управление деятельностью студентов в процессе обучения: Учебное пособие. — Алматы: Қазақ университеті, 2002. -117 с.
3. Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер: Оқуәдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. — 75 б.
4. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқу процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы: психол. ғ. канд. дисс.: 19.00.07. – Алматы, 2001. — 131 б.