Мурасилова А. — ҚазИГЗУ магистранты (Д-31 тобы)
Ғылыми жетекші – п.ғ.к. Абдикаримов М.О.
ПЕДАГОГТЫҢ КРЕАТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН
АРТТЫРУДАҒЫ ЖОЛДАРЫ РЕТІНДЕ
Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты – ізгілік және тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту» — деп атап көрсетті.
Жаңашылдық жүйеге продуктивті түрде өзгеріс енгізу және жаңарып, жаңа сапалы жағдайға өту ретінде қарастырылады. Инновация жаңашылдықты меңгерудегі инновациялық технологияларды креативті тәжірибе жүзінде жүзеге асыру және нақты әркет түрлері инновациялық процес заңдылықтарын зерттейтін ғылым. В.Я.Ляудис инновациялық оқытудың ерекшеліктерін атап көрсетті:
— тұлғаның маңыздылығы мен оның дамуын алдынғы қатарға шығару;
— интеллектуалды және адамгершілік дамуының өзара байланысы, өзіндік дамуға, өзіндік оқуға, өзіндік өзгеруге қабелетті тұлға қалыптастыру;
— оқыту-тәрбиелік процесіндегі қатысушылар арасындағы өзара оқу, өзара қолдау қатынастарын тұрақтандыру;
— оқу танымдық әрекетінің шығармашылық және продуктивтік компоненттерін алдынғы қатарға қою.
Оқытуға инновациялық шығармашылық қатынасты жүзеге асырудың негізі болып, оқыту мекемелеріндегі жаңа әлеуметтік қатынастар табылады. Бұл қатынастар адамдар арасындағы сенім, жоғары этикалық нормалар рөлінің жоғарылауы, қарым-қатынас жасау сферасының кеңеюі, ортақ продуктивті әрекетті ұйымдастыру нәтижесінде оқыту-тәрбиелік процесіне барлық қатысушыларын ақыл-ой және адамгершілік даму процестерін біріктіріп, дүниеге деген көзқарас пен этикалық құнылдылықтармен алмасумен сипатталады.
Л.А.Коч оқушылардың адамгершілік санасын зерттей келе, жаңа жағдайдағы оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушысы ретінде қарастырылатын оқытушыға бірнеше талаптарды ұсынады:
— топта жағымды адамгершілік жағдай құру, адамгершілік тәрбиелеуге байланысты бағдарламаларды толық қолдану;
— оқу тобында демократиялық жағдайды тудыру;
— шығармашылық және плдуктивтік тапсырмаларды қолдану арқылы оқыту мен дамыту жағдайын қамтамасыз ету.
Барлық инновация негізінде шығармашылық жатыр. Шығармашылық (креативтілік) ойды жүзеге асыру барысында пайда болады және сапалы жаңаны шығармашыл жаңалықты тудыратын әрекет деп түсіндіріледі.
Философияда креативтілік нәтижесінде тұлға жаңаны тудыратын білімнің ерекше формасы ретінде қарастырылады. И.Кант шығармашылықтың негізі продуктивті қиялда жатыр деп түсіндірсе, Аристотель өмірде болмағандығымен байланыстырады. Л.Фейербахтың айтуы бойынша, шығармашылық – адам мәнін ашып, оны дамытатын рационалдылық пен эмоционалдылықтың синтезі. Креативтілік философиялық категория ретінде тудырушы тұлғада, жаңаны тудыру процесінің нәтижесінде жүзеге асырылып қарыстырылады.
Н.Ф.Вишнякова креативтілікті көп мөлшердегі жаңа идеяларды генерациялау, проблемаларды өзіндік өзектендіруге мүмкіндік беретін индивидтің интеллектуалдық және тұлғалық ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Оның айтуы бойынша, креативтіліктің жүзеге асырылу көзі – креативті тұлға болып табылады және бұл тұлға белгілі мәселелерді шешу барысында тапқырлық, шығармашылық, жаңашылдық көрсетеді.
Тұлға категориясы ретіндегі кретивтіліктің қаситеттеріне интеллектуалды-шығармашылық инициатива, шығармашылық потенциал, шығармашылық белсенділік, шығармашылық индивидуалдылық, өзіндік даму мен өзіндік жүзеге асыруға қабелеттілік жатады. Креативті тұлға креативті процеске қосу арқылы креативиті нәтиже алады. Креативті нәтиже алу үшін креативтік процестің негізгі үш кезеңін бөліп қарастыруға болады: іздегністі-операциялық, коммуникативті-шығармашылық және нәтижелілік верификациялық. Психологтардың айтуы бойынша, креативтілік тұлғаның продуктивті динамикалық құрылымы болып табылады тұлғаның индивидуалдылығында көрінетін және шығармашылық потенциалымен, қабілеттерімен сипатталады. Тұлғаның шығармашылық потенциалы продуктивті әрекетте қолданылады. Шығармашылық потенциалдың негізгі ерекшелігіне өзіндік дамуға, өзіндік өзгеруге, қабелеттілікпен байланысты шығармашылық белсенділік жатады.
Педагогқа оқыту процесін ұйымдастыруда әр оқушының шығармашылық әркетән жүзеге асыруға септігін тигізетін құралдарды шығармашыл тұрғыда таңдау маңызды орынға ие. Креативті технологиялар дәстүрлі оқыту жүйесіне енгізілуі мүмкін және сол арқылы оқыту процесіне шығармашылық, танымдық, бағыттылық береді. Креативті технологиялар қызығушылық туындауының негізгі көзі болып табылады және оқуға деген мотивацияны тудырады. Сонымен қатар, ақылой әрекеті процесін қамтамасыз етіп, мақсатқа жету барысындағы әркетінің тиімділігін саналы түсінуге мүмкіндік береді.