ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ

Саркытбаева Г. – КазИГЗУ магистранты (М 221 тобы) Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Лекерова А.А.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ
Педагогика тарихында педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің мазмұны әлеуметтік бейімделу, орта және оның коммуникативтік сапалығына байланысты. Қарым – қатынастағы мәдениеттілік болашақ мамандардың бойынан табылуы тиіс.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – міндетті түрде «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас барысында әңгімелесушінің түр — әлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мәдениеті, педагогикалық әрекет жасау мәдениеті және қарым – қатынас барысында қолдау көрсету мәдениеті.
Педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталатын болсақ, оқу үрдісінде ол төмендегідей сатыдан тұрады.
1. Дайындық сатысы, оқыту қарым – қатынаста болмас бұрын алдын ала сөздік әрекеттерді ойша тағайындау және оны жобалау.
2. Бейімделу сатысы, дәл сол уақыттағы жағдайды бағалау, яғни, оқытушы аудиторияны өзіне қаратып дәл қазіргі жағдайда коммуникативтік міндет бойынша шешімін табу.
3. Жекелік қарым – қатынасты эмоциялық ескере отырып басқару, қарым – қатынасты тұрақтандыру.
4. Қайтымды байланысты сатасы,педагогикалық тиімділікті бағалау және талдау жасау.
Ең тиімдісі төртінші саты, себебі студенттермен байланыс жасау барысында сөздік қарым – қатынастың әсерінен алынған ақпаратқа жауап беріледі, дәл осы кезде оқу әрекетінің негізгі мақсатын қабылдау мен жаңа ақпаратты меңгереді.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтену үрдісі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындау және дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам қарым-қатынас үрдісінде жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналып, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым – қатынасты дамытады. Сөйтіп, іс — әрекет барысында тұлғаның ішкі мәдени дамуы бірте-бірте қалыптаса бастайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мәмбетов Мұталхан. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті, // Қазақстан мектебі №8.
2. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *