ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ

Жарылқасын Д.К. — магистрант КарГТУ (гр. ГМУМ-16-1) Ғылыми жетекші– э.ғ.к., доцент Давлетбаева Н.Б.

ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ


Инвестициялардың экономикаға әсер етуінің ең басты құбылысы (аспектісі), елдің инвестициялық белсенділік дәрежесін қолдау, сонымен бірге, экономикалық өсуді арттыру болып табылады. Қандай да бір елдің инвестициялық қорының жеткіліксіз немесе шектеулі қуыстарын толықтыра алады. Инвестициялық белсеңділіктің өсуі жоғарғы ұлттық өнімнің өсуіне әкеледі.
Қазақстан экономикасы үшін инвестиция, ең алдымен оны тұрақтандыру, жандандыру және көтеру үшін қажет. Өндіріске, жаңа технологияға жұмсалған инвестиция қатаң бәсекелік күресте бәсекелестерді жеңуге көмектеседі, мейілінше икемді баға белгілеуге мүмкіндік берді. Бұған шетелдік инвестицияның орасан зор көмегі болғанына ешкім жоққа шығара алмайды. Оны Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы «…Қазақстанның шетелдік капиталсыз, технологиясыз және тәжірибесіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңаруға қалай қол жеткізетіндігімізді көз алдымызға келтіру қиын», — дегенімен-ақ байқауға болады. Бүгінгі таңда Қазақстанға келген инвестиция көлемі 250 миллиард АҚШ долларынан асты.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясында Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты айқындаған болатын. Сол басымдылықтардың біріншісі ол – «жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм». Осы басымдылықтың мақсатына жету үшін тапсырмалар қойылған болатын. Соның бірі «үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңінің толық бағдарламасын әзірлеу», яғни осы тапсырма негізінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бекітілген еді.
Қазіргі таңда осы даму бағдарламасына инвестиция тарту жұмысы қарқынды жүруде және индустрияландыру картасы негізінде аймақтарда көптеген жобалар тікелей инвестиция тарту арқылы іске асуда. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын (ҮИИДБ) іске асыру үшін қажетті инвестиция көлемі Индустриаландыру картасына сәйкес 64 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Индустриаландыру картасы бойынша инвестиция көлемі 3,8 трлн теңге болатын 898 жоба іске қосылған, оның ішінде 2015 жылы – құны 815 млрд. теңге болатын 128 жоба бар. Жобалардың 80%-ы 85 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жаңа өндіріс орындары болса, 20%ы – жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуге және жандандыруға бағытталған. Барлық шығарылған жаңа өнім құны 6,3 трлн. теңге болса, 2016 жылдың өзінде құны 1 750 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілген.
«Самұрык-Қазына» Қоры Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 жобаны өзі жүзеге асыруда, ал тағы 21 жоба Қордың еншілес компаниясы Қазақстан Даму банкінің қарамағында. Оның жалпы құны 22 млрд АҚШ долларын құрайды. Іс жүзінде бұл дегеніміз бүкіл инвестицияның тең жартысы.
Қордың энергетика саласындағы инвестициялары 93 пайыз, мұнай өңдеу, инфрақұрылым саласындағы инвестициялар 86 пайыз, химия мен фармацевтика бойынша инвестициялар 84 пайызға теңеседі. Бағдарлама аясындағы жүзеге асырылатын жобалардың құрылысы кезінде 32,5 мың жұмыс орындары және 6,5 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Мемлекет индустриалдыинновациялық жобаларды іске асыруды ғана көздемей, сонымен бірге, жалпы инвестиция тарту формаларын дұрыс таңдау стратегиялық мақсаттар мен жоспарларда айқындалуы қажет.
Қорыта келе, елімізде индустрияландыру мақсатында жүзеге асып жатқан жобалар инвестиция тарту арқылы, шетелдерден тек қаржы тарту арқылы ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялар мен техникалар әкелуге, яғни жаңа заман талабына сай өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беруде. Индустрияландыру картасы бойынша іске асып жатқан жобаларға инвестициямен бірге инновацияда келуде. Сондықтан инвестицияның индустриалды-инновациялық дамуға тигізер әсері мол.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан-2050»
Стратегиясы, www.akorda.kz/kz сайтынан алынған
2. Ақпараттық портал www.inform.kz/kz/ сілтемесінен алынған ақпарат негізінде
3. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтынан алынған статистикалық деректер негізінде www.mid.gov.kz 4. ҚР-ның Үдемелі индустриялық инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *