БАЛАЛАРДЫҢ ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУ БАР БАЛАЛАРҒА СЕНІМДІЛІК ҰЯЛАТУ ТРЕНИНГІ

Сатпекова А. А. – ПМПИ студенті (Д-31 тобы)
Алтыбай А.Е – ПМПИ студенті (Д-31 тобы)
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Мурзатаева А.Қ.

БАЛАЛАРДЫҢ ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУ БАР БАЛАЛАРҒА СЕНІМДІЛІК ҰЯЛАТУ ТРЕНИНГІ

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың 30-70 -ын балалар церебральды сал ауруы құрайды. ҚР Ұлттық генетикалық Регистрының мәліметінше, еліміздегі 44 мың мүмкіндігі шектеулі тұлғаның 10 мыңына БЦСА диагнозы қойылған.
БЦСА – балалардың церебральды сал ауруы, бұл жүйке жүйесінің ауыр науқасы. БЦСА – мидың қозғалыс жүйесінің зақымдануынан пайда болатын, бұлшық ет қызметіне Орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылаудың болмауымен немесе жеткіліксіз бақылануымен көрініс беретін қимыл-қозғалыстар бұзылуының бір тобы.
БЦСА-да қимыл-қозғалыс және сенсорлық жүйелер арасындағы, қимылқозғалыс жүйесінің буындары арасындағы, ырықты және ырықсыз қозғалыстар арасындағы өзара әрекет бұзылады. Соның салдарынан бұл балалар жасық, ұялшақ, жаңа жағдайларда қысыла бастайды. Олардың ерте кезеңдегі дамуында қорқақтық, сензитивтік белгілер байқалады. 11-12 жаста балалар жанына соққы болатын ситуациялар, айталық, сау құрбылары тарапынан көрсетілетін шеттету, мазақтау және т.б. жағымсыз жайлар кездеспей тұрмайды. Мұндай ситуацияларда жоғары эмоционалдық қозғыштық, баланың өз-өзіне сенімсіздігі, өзін бағалауы төмен дәрежеде болады. Біз Павлодар қаласының “Самал” оңалту орталығында балалармен «Баспалдақ», «Сонерсон тестін», «Араласқан адамдар» атты тестін өткіздік. Нәтиже көрсеткендей, он бір баланың сегізінде өзін – өзі бағалауы төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Осыған орай, БЦСА бар балалардың өзіне деген сенімсіздігін жойып, өзін-өзі бағалауын жоғарлату, ұжым ішіндегі қарымқатынасты жақсарту үшін тренингтер ұйымдастырдық.
1-апта 2-апта 3-апта 4-апта
Тренингтің алғашқы аптасында балаларда сенімсіздік пен жасқаншақтық байқалды, дегенменде ойындарды қызығушылықпен орындады. Балалардың арасында байланыс орнап, ортақ жұмыстарды бірге атқарып белсенділік танытты. Көңілдері де көтеріңкі болды. Балаларда өзін – өзі
басқара лау сезімдері пайда болды. Ойындардан алған әсерлерімен ашық түрде бөлісіп отырды. Бойларындағы қорқыныш пен үрейден арылып, өз күштеріне, болашаққа деген сенімділік пайда болды.
Қорытындылай келе, «ХХІ ғасыр бала психологиясының ғасыры», сондықтанда психологиялық тренингтер арқылы БЦСА бар балалардың өз болашақтарына сеніп, мүмкіндіктерін арттыруға, қабілетін ашып, тірек – қимыл аппараттарын сәл болса да түзетіп — дамытуға болады. Сонымен қатар БЦСА бар балалардың әлеуметтік ортада қысылмай, өздерін еркін ұстауына психологиялық тренингтердің маңызы зор. Әрбір бала – бір жұлдыз! Олардың жарқырауына сіз бен біз атсалысуымыз керек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *