АШЫҚ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНЫҢ АНЫҚТАУ

Жамбырбай Ж. студент ҚарМТУ ( БТ-13-2 тобы)
Алимжанова А. – студент ҚарМТУ ( БТ-14-2 тобы) Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Кинаятов М.А

АШЫҚ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНЫҢ АНЫҚТАУ

Қазақстандағы өзендер мен көлдердің ластану жай – күйі, біздің еліміздегі ең басты мәселелерінің бірі. Табиғи суларын қорғау мәселелері әсіресе өндірістің дамуы табиғи қорлардың кемуімен бірге, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады. Өндірістен шығатын керексіз заттармен алдымен топырақ, ауа, су көздері ластанады.
Сулардың ластануы, ең бірінші рет су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты. Ластаушы заттарға негізінен, топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар) жатады [1].
Ғылым мен техниканың жетілуін пайдалана отырып ластанған қоршаған ортаны тазалауға бағытталған шаралар өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адамдар денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаның ластануы үлкен экологиялық апатқа алып келеді. Яғни олар ауылшаруашылық жағдайының бірден төмендеп кетуі және су қоймаларындағы судың сапасының нашарлап кетуі және т.б. Ғалымдар табиғаттағы топырақ, су, ауа, тағамдық өнімдерді зиянды компоненттерден сақтау үшін белгілі бір нормативтер қарастырды [2].
Кейбір ірі су қоймалары (Самарқан су қоймасы, Балқаш көлі,
Ынтымақ су қоймасы) ауыр металдар, токсикалық заттармен ластануда. Соңғы уақыттарда олардың су қоймаларға өте көптеп жиналу тенденциялары бақыланып жатыр. Биосфераға түсе отырып, ауыр металдар экожүйенің әртүрлі компоненттерін аккумуляциялайды [3]. Зерттеу мақсаты: ашық су қоймаларындағы ауыр металл иондарын анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу жұмыстарын Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің ӨЭ және Х кафедрасының лабораториясында СТА-1 кешенді вольтамперометр әдістері арқылы су қоймалардың ауыр металдар иондарын анықталды. Зерттеу ашық су қоймаларынан алынған 10 сынамаға жүргізілді.
Алынған нәтижелер және оны сараптау.
Қарағанды облысының су қоймаларындағы ауыр металл иондарының сандық мөлшеріне зерттеулер жүргізілді. Алынған деректер төмендегідей 1-ші кестеде келтірілді.
Зерттелетін су қоймаларындағы ауыр металл иондарының болуына байланысты жүргізілген тәжірибелер нәтижесін төмендегі кестеден көруге болады. (Кесте 1).


Элемент

ШРЕК, мг/л Аш ық су қоймалардың атауы
ШерубайНұра Балықтыкөл Қойбас
Құрамы, мг/л
Pb 0,03 0,06 0,01 0,03
Fe 0,3 0,3 0,4 0,7
Zn 1,0 0,7 0,8 1,4
Mn 0,1 0,1 0,13 0,05

Ескерту: ШРЕК – шектеулі рұқсат етілген концентрация
Шерубай – Нұра су қоймасының ШРЕК бойынша ауыр металдар ионы қорғасынның сынамасында ауытқу байқалды. Балықтыкөл су қоймасындағы ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша жоғарылауы темір мен марганецте байқалды. Қойбас су қоймасының ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша темір мен мырышта байқалды. Мұны олардың суында ірі өндірістік қалдықтардың жоқтығымен, тек қана тұрмыстық және сарқынды судың түсуімен болжауға болады.
Зерттелген су қоймаларынан алынған су сынамаларының металл иондары ШРЕК – тен жоғары екндігін көрсетті алынған нәтижелер барысында мынадай қорытынды шығаруға болады. Шерубай – Нұра су қоймасының ШРЕК бойынша ауыр металдар ионы қорғасында ауытқу байқалды. Балықтыкөл су қоймасындағы ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша жоғарылауы темір мен марганецте байқалды. Қойбас су қоймасының ШРЕК-тің ауыр металдар ионы бойынша темір мен мырышта байқалды.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Pfohl-Leszkowicz A, Manderville R.A (January 2007) “Ochratoxin A: An overview on toxicity and carcinogenicity in animals and humans” Mol. Nutr Food Res 51(1):61-99
2. Дмитриев М.Г., Растянников Е.А., Волков С.А. Контроль состава воды системы «Газовый хроматограф — масс спектрометр — компьютер» //
3. Лииник Р.П., Запорожец О.А. Сравнительная оценка расчетных и экспериментальных данных о сосуществующих формах железа, кобальта и никеля в пресных поверхностных водах. «Экологическая химия 2003. №12 с. 79-92

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *