АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МЕН ОНЫҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Есбаева А.Ж. — ҚарМТУ студенті (ФИЭМ-15-2 тобы) Ғылыми жетекші – э. ғ.к., доцент Уразбеков А. Қ.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МЕН ОНЫҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі уақытта ауыл өнеркәсіп (АӨК) салаларында салынған инвестициялардың қайтарымдылығының төмен деңгейде болуына 2топтың факторларының әсері мол. Олар: инфляция, баға диспаритеті, несиеге жоғары пайыз қойылымы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты дұрыс ойластырылмаған салық саясаты т.б.
Қалыптасқан бұл мәселелерді мемлекет деңгейінде қарастырып, шешпейінше агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестицияның тиімділігін арттыру туралы айту мүмкін емес. Әрине, мемлекет инвестицияны ынталандыру бойынша біраз шаралар қолдануда.
Инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыру мен оның экономикалық тиімділігін жоғарылату АӨК салаларында капитал салынымдарының түсуін, жеңілдік несиелерін қолдануға көмектеседі.
Капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін төмендегілердің есебінен арттыруға болады:
— тәжірибеде өзін-өзі ақтап шыққан үлгілік жобаларды кеңінен қолдану, бұл объектіні жобалауға кететін уақыт пен ақша шығынын айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ тиімсіз жобаларды таңдау
мүмкіндігінің тәуекелін азайтады;
— объектінің құрылысы мен оны игеруге кететін мерзімін қысқарту, нәтижесінде аяқталмаған құрылыс көлемі азаяды, сонымен қатар, күтілген экономикалық әсер алуға қажет уақытта азаяды;
— салынымдардың жинақтылығын қамтамасыз ету (мысалы, мал шаруашылығында мал қораларын, азықтандыру орындарының құрылыс көлемі мен негізгі отарды құру шығындарын оңтайлы үйлестіру керек);
— инвестициялардың маңызды объектілерге шоғырлануы, олардың ұсақ құрылыстарға шашырамауы; — үнемділік режимін сақтауы;
— ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану [1].
Сондай-ақ, капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін арттыруға ауыл шаруашылығы мен АӨК-нің басқа да салаларын интенсификациялау негізінде өндіріс көлемін арттыру, өнім сапасын арттыру мен олардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы барлық кезеңдегі жоғалтуларын қысқарту және өндірісте өнімді өндірудің өзіндік құнын азайту әсер етеді.
Ауыл шаруашылық саласының дамуы, яғни табыстылығы осы салаға салынатын қаржы салымдарына тікелей байланысты. Осыған байланысты ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік қаржыландырудан басқа отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мәселесіне үлкен мән беріле бастады.
Қазақстанның инвестициялық саясаты отандық және шетелдік инвестицияны тарту қажеттілігінен шығады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласына қолайлы инвестициялық климатты қалыптасытудың механизмдерін жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу мен қолдау жолдарын қарастыруымыз керек.
Сыртқы ресурстарды қолданудың ең тиімдісі – тікелей инвестициаларды қолдану болып табылады. Инвестициалаудың бұл түрінің артықшылығы, ол елдің сыртқы қарызының құрамына кірмейді. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвесторлар салықтық жер және мүліктік жеңілдіктерге ие.
Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мақсатында аталмыш саланың дамуы, яғни оның тауарларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру тұрғысында бірқатар негізгі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар кешенін қабылдау тиімді болмақ [2].
1. Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.
Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мен олардың тиімділігін арттыруды дамыту туралы тиісті заңнамалық нормативтікқұқықтық актілер әзірлеу мен қабылдау жолымен шешуге болады.
2. Ауыл шарушылығын бойынша инвестициялардың келіп түсуін арттыру жөнінде аймақтық саясат жүргізу.
Аймақтар бойынша мамандандыруды қалыптастыру бойынша іс-шаралар қабылдау аса маңызды орын алады. Мәселен, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында – жеміс-жидек, көкөніс саласын, Жамбыл және Алматы облыстарында – қант өндіруді, Ақмола, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында – астық өңдеуді, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Атырау облысында – балық саласын дамыту қажет.
3. Өндіріс тізбегін – мемлекетаралық агроиндустриалдық кластерлер қалыптастыру. Қазіргі кезде мемлекетаралық кластерлерді: астық, жемісжидек пен көкөніс, қант, сүт, балық салаларын құру мен дамыту өзекті маңызға ие. Бұл бағыттар елдің аграрлық сектор экономикасын өсірудің жаңа нүктелеріне айналуы мүмкін.
Аталған шарттарды қалыптастыру жағымды инвестициялық климат жасауға жол береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Игонина Л.А. Инвестиции. Учебное пособие под ред. д.э.н., профессора В.А.Слепова – М.: Юристь, 2002, 6-13б.
2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2017.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *