АГРЕССИВТІЛІКТІҢ КӨРІНУІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нұрболқызы Қ. ҚазИГЗУ магистранты (Д-31 тобы)
Ғылыми жетекші – п.ғ.к. Ақжалов Б.Т.

АГРЕССИВТІЛІКТІҢ КӨРІНУІНІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Агрессивтіліктің айқын көрінісі бүгінгі біздің қоғамымыздың ең өткір әлеуметтік мәселелерінің бірі болып отыр. «Агрессия» түсінігінің әлі күнге дейін нақты анықтамасы жоқ. Агрессивті мінез-құлық-адам әректінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі неменсе қүш қолдануға тырысуымен сиптталады. Агрессивті мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болуы дәрежесі бойынша: жек көрушілік, жақтырмаушылықтан-тіл тигізуге және дөрекі түрде күш қолдануға дейін түрленеді. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан келгенде: жекеленген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының шеңберіндегі тұлга аралық агрессияның-топтық агрессияға айналуының мәні бар.
Шетел психологияда агрессивтілік мінез-құлықтың пайда болуының, себеп-салдарының сан алуан түсініктемелері кездеседі. Агрессивті мінезқұлықтың нақты көріністерін түсіну үшін жеке тұлғалық және ұжымдық әрекеттің жалпы құрылымындағы оның орнын айқындап алған жөн. Мысалы, агрессивтілік акт субъектінің қорғаныстық жауабына ұқсамауына, аффектің салдары еместігіне немесе агрессивті мінез-құлық өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, ерекше жеке тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке көшуіне т.б. баса назар аудару қажеттілігі.
Агрессивтіліктің жоғары болуы- студенттік ұжымда жиі кездесетін проблема. Агрессивті мінез-құлықтың кез келген түрі көптеген ересектерге тән. Егер ережеге және мінез-құлық нормаларына сәйкес агрессивтіліктің көрінуі әлеуметтік факторларға жол берсе, онда көптеген студенттерде агрессивті мінез-құлықтың белгілі бір формасы сақталып қана қоймай, сонымен қатар дамиды, жеке тұлғаның тұрақты сапаларына айналады. Соның негізінде студенттердің потенциалды өнімділігі төмендейді, толық қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі азаяды, олардың жеке тұлғасының дамуына кері әсерін тигізеді. Агрссивті адам қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар өзіне де көптеген қиыншылықтар туғызады.. Психология ғылымында агрессияны вербальді және күш көрсету агрессиясы деп екіге бөледі, олардың әрқайсысы тікелей және жанама әсерін тигізуі мүмкін.
Психологтардың зертеулеріне көз жүгіртсек, олар адамдардағы агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді дейді. Сол факторлардың ішінде ғалымдар келесілерін атап көрсетті: отабсы тәрбиесінің ерекшелігі, агрессивті мінез-құлықтың көрсетудің мысалдары, ал ондай мысалдарды, бала теледидардан немесе өзінің құрбьыларынан көруі мүмкін, эмоционалды қысым көрсету және баланың әртүрлі фрустрациялық күйлерге шалдығуы. Бірақта бұл айтылған факторлар балалардың бәрінде бірдей агрессивті мінез-құлықты тудыра бермейді. Психологиядағы көптеген зерттеулер және жүргізген бақылаулар көрсеткендей: бала кездегі қалыптасқан агрессивті мінезқұлық оның тұрақты сапасы болып қалыптасып және адам өмірінде сақталып қалады. Кез-келген агрессивті мінез-құлық формасы қазіргі бар зерттеулер бойныша көптеген балаларда байқалады. Сонымен қатар олардың кейбіреулерінде айтарлықтай өшпенділік агрессиясы көрінеді.
Қоғамға ерекше зардабын тигізетін агрессияның бірі-ол басқа адамға бағытталған агрессия. Ондай агрессияның түрін А.Бандура мен Р.Уолтерс асоциалды деп атаған және оны әлеуметтік-диструктивті мінез-құлықпен байланыстырады. Агрессивті адамдардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде төменгі бағыттар бойынша жұмыстар атқару керек:
— Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету.
— Адамдарға әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқара алу әдістеріне үйрету.
— Шиеленіскен жағдайларда дұрыс сөйлеу дағдыларына үйрету.
— Адамдарға сену, жаны ашу сияқты адамшылық қасиеттерді бойына сінірту.
Агрессивтіліктің гендерлік ерекшеліктерін анықтау мақсатында ер адамдар мен әйел адамдарға жүргізілген бірқатар психолдитагностикалық зерттеулерді қорытындылай келе қысқаша келесідей анализ жасауға болады. Қыз балаларда жауласу интесі агрессияға қарағанда басым және бұл жыныстық айырмашылыққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қыздарда сөздік агрессияның басымдылығы айқын көренеді . Ер балаларда жауласу индексіне қарағанда өшпенділік индексі жоғары және күш көрсету агрессиясының басымдылығы байқалды.
Агрессивті мінез — ол осы агрессияны шешудегі аткліредің ең маңыздысы. Психологиялық-педагогикалық тәжірибе көрсеткендей агрессияның актілеріне баса назар аудармаса бұл өте үлкен қауіп-қатерге әкеледі. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей адамдардағы агрессия актісіне көңіл бөлмесе бұл агрессивті мінез –құлықтың одан ары ыршып, дамуына әкеліп тұлғаның күнделікті мінез-құлқына іс-әрекетіне айналуы мүмкін. Осылайша егер баланың агрессивті мінезіне ата-аналар дер кезінде назар аудармаса ,оның қарым-қатынас жасау аумағы кішірейіп сол күйінде қала береді.
Сонымен, қорыта келетін болсақ агрессияның алдын алу үшін мінезқұлқындағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші жеке даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдауының жүргізілуі, агрессиядан сақтандыратын профилактикалық жұмыстар толық және үздіксіз жүргізіліуі керек. Сонда ғана адамдарды агрессивті мінез-құлықтан сандандыруға балады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *