Бастасова М.М. –магистрант ҚазИГЗУ
Ғылыми жетекші – п.ғ.к. Зарифова М.А.
СТУДЕНТТЕРДІ БОЙЫНДА ЛИДЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Лидерлікті зерделеу мәселесі бүгінгі уақытта саяси үдерістерді сараптаудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде әрбір студентке қажетті лидерлік қасиеттің негізі бала күннен басталады және алдымен отбасы мен мектепте тәрбиеленеді деп саналады. Бұл институттар студенттердің бойында лидерлік қасиеттерді дамытуға мүдделі болып табылатын болғандықтан студент-лидер тұлғасын қалыптастыру ісінде отбасы мен мектеп жоғары оқу орны потенциалын зерттеу мәселесінің өзектілігін арттыра түседі.
Егеменді еліміздің оқу орындарында студенттердің лидерлік қасиеттерін дамытуды зерттеу мәселесінің көкейкестілігі бүгінгі күні қоғам өмірінің ауыспалылығымен түсіндіріледі. Қазіргі қоғамға мәселені шешуде оған жаңаша қарай білетін азаматтар қажет. Осыған байланысты студенттердің лидерлік қасиеттерін қалыптастырудың тиімділігін зерттеу маңызды болып табылады, яғни нағыз осы жас кезеңінде ересектік өмірде ашылатын лидерлік потенциалдың негізі қалыптасады. Осыған байланысты лидерлерге байланысты қажеттілік туындайды.
Қоғам тез өзгеруде, сондықтан кешегі жетістік формулалары бүгінгі күнге сәйкес келмейді. Нәтижесінде, егер бүгін кешегі немесе одан сәл жақсы әдістермен әрекет етсе – бұл жетістікке әкелмейді. Оқу орындарының алдында өте ауыр міндет тұр – өзгерістердің ықпалына төзе алып, мына өзгермелі заманда өздерінің бәсекелестікке қабілеттіліктерін сақтай алу. Үлкен өзгерістер болып жатса, тиімді лидерге деген қажеттілік көбейе түседі. Сондықтан соңғы он жылдықта лидерлік қасиеттерді дамытуға ықпалын тигізетін корпоративтік мәдениет жасау қажеттілігін түсінді. Лидер болып туылады, дегенмен кез келген адам өзінде негізгі, базалық лидерлік қасиеттерді дамыта да алады. Олар қандай қасиерттер? Заманауй лидерлердік басты қасиеттері ретінде психолог-ғалымдар 12 лидерлік қасиеттерді анықтады. Осы қасиеттерді үш дағдыларға бөлуге болады.
Лидерлердің мінез бітістері туралы қазіргі кезде көп айтылып жүр. 1940 жылы американ психологы К.Бэрд көптеген лидерлерде «лидерлік қасиеттер деп есептелінген 79 мінез бітістер тізімін жасаған. Осыдан кейінгі жұмыстар бұл тізімге жаңа қасиеттерді қосты. Бірақ кейбір қасиеттер көптеген еңбектерде қайталанады және тізімде салыстырмалы орнықты орын алады. Олардың әрқайсысының жұмыс істеуі нақты орынға, уақытқа, жағдайға және тұлғалық ерекшеліктерге тікелей байланысты.
Қазіргі кезде жиі қолданылатын лидерге қажетті тізімді атап өтейік: потенциалды мүмкіндіктерді көре білу, болашақтың жалпы көрінісін жасай алу, болашақтың жалпы көрінісін нақты нәтижелерге айландыра алу; өзін қоршаған адамдарда дамыта алу, қызсметкерлердің қабілеттерін аша алу; өзгерістерді қолдау, ақылға сыйымды, есептелінген тәуекелге баруға дайын болуы; өз-өзіне сенімділік, компетенцияның жоғары дәрежесі, әрдайым үйренеді, оқиды, білімін практикада қолдануға тырысады; жағымды ойлайды және сөйлейді; ұжымдық басқаруға дайындық көрсетеді, партнерлік сезімді дамытады; қоғам, ұжым мүдделеріне, құндылықтарына сай әрекет етеді; кемшіліктерді ашық мойындайды, қиындық және жеңіліс жағдайында қозғалыс энергиясын соңына дейін сақтайды. Сонымен бірге, жынысы, салмағы, бойы, экстроверсиясы, тартымдылығы және дауыс тембірінің ешқандай маңыздылығы жоқ. Әрине, барлық қасиеттер бір уақытта қажет болмайды. Тек қазір, дәл осы уақытта қажет бірнеше жақсы дәрежеде дамыған қасиетке ие болған немесе дамытқан маңыздырақ.
Студентті лидер етіп тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеуі әрдайым жүретін процесс. Студент лидер болу үшін, сәйкесінше мәдениет, білім, өмірілік тәжірибеге және кәсібилікке қол жеткізу қажет. Әрине, лидер өз-өзін тәрбиелейді және дамытады. Бірақ кез келген компанияның персонал қызметінің және басшылығының міндеті – лидерлік нышандары бар қызметкерлерді анықтап, сіздің ұйымыңызда қабілеттерін дамытуға көмектесіп және күшін сынауға орын тауып беру болып табылады. Керісінше жағдайда, лидерлік нышандары бар қызметкерлер пісіп жетіліп, өзін көрсететін мүмкіндіктер көрмей, компаниядан кетіп қалады. Ол өзімен бірге сіздің компанияңызда алған тәжірибені, білімді, ал кейде басқа да қызметкерлерді алып кетеді. Сондықтан студенттерде лидерлерлікті тәрбиелеу, дамыту және оларға өз күштерін жұмыста, тәжірибеде байқап көруге мүмкіндік беру өте маңызды
Пайдаланған әдебиеттер
1. С.Қ. Мамилина, М.Д. Шынтемірова «Жоғары оқу орны студенттерінің лидерлік сапа қасиеттерін қалыптастыру маңызы» Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
2. Кричевский Р.Л. Психология руководства и лидерства. М.: МГУ, 1985. — С.214.
3. Ершов А.А. Психология коллектива. М., 1997. — С.109.
4. Уманский Л.И. Психология организаторской деятельности школьников.
М., 1990. — С.94. www. wikipedia. com – Лидерство, качества лидера.
5. Водачек Л, Водачкова О. Стратегия управления инновациями на предприятии.: — М.: Экономика. –1999.
6. Друкер П. Эффективное управление. – Пер. с англ. – М.: ФАИР-ПРЕСС, 1998.