КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

Көру және есту кемістігі адамды адамдар әлемінен бөліп тұратыны бәрімізге белгілі.
Бұл жерде есте тұтатын мәселе — соқырлар мен саңыраулардың дені сау адамдардан айырмашылығы олардың сыртқы ортамен қарым — қатынас жасауындағы бір мүшесінің кемістігі. Көз бен құлақ физиологияда рецепторлар деп аталады, оны психологияда қабылдаушы мүшелер немесе сыртқы сезім мүшесі деп айтады. Бұл мүшелер биологиялық қызмет атқарады. Олар организмге сыртқы ортаның өзгерістері туралы хабар жеткізеді. Соқырдың сезімталдығы мен саңыраудың көргіштігі дені сау балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер өмір тәжірибесі мен дағдылану тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер.
Көзі көрмейтін және құлағы естімейтін тұлғаларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу процестері бұл балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни инклюзивті білім беру қажеттілігімен сипатталады.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивтік білім беру — барлық балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата — аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу — педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеумен айналысатын тәжірибеден өткен көптеген мекемелер үшін «ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Қазіргі біздің мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі, көмектерімізге зәру жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасап дүниеден сауап, өмірден сабақ алып дефектолог мамандығымызды алға алып шығу. Адамдар арасындағы құлағы естімейтін, көзі көрмейтін адамдарға деген аяушылықты жою, оларды қалыпты адамдармен тең дәрежеде екенін көрсету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *