ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

Бақтиярұлы С. – ҚарМТУ студенті (ТЭ-15-1 т.)
Арғынбай Ж. Ә.- ҚарМТУ студенті (ЭЭ-15-1 т.) Ғылыми жетекші – аға оқытушы Жуматова Г. М.

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

Қазіргі уақытта адам баласы дамудың жоғарғы сатысына көтеріліп келеді. Қазіргі инновациялық үдеріс ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана емес, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Елдің экономикасын, экологиясын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар жасалып, еліміз қарқынды дамуда.
Қазақстан соңғы 100 жылдықта экологиялық мәселелер бойынша көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Біздің елде болған Семей полигоны, Аралдың құрғап кетуі сияқты үлкен экологиялық апаттар бүкіл жұртшылыққа мәлім. Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп жатқаны жан тебірентеді. Сонымен қоса су және энергия ресурстарының тапшылығы байқалып отыр.
Жоғарда айтылған мәселелерді шешу жолында Қазақстан Республикасы тың бастамалар көтерді. Соның бірі 2013 жылдың 1маусымында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Қазіргі уақытта осы Жарлық бойынша елімізде қарқынды жұмыстар жасалып жатырғаны белгілі.
Осы ретте, «жасыл экономика» ұғымына түсінік бере кетелік. «Жасыл экономика – Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қорларын тиімді және рационалды қолдану арқылы тұрғындардың әл – ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика. Электр және жылу энергиясының генерациясы, газ өндіру, су ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнеркәсіп қалдықтарын басқару және тұтыну, көлік және жол инфрақұрылымы жасыл экономиканың негізгі секторлары болып саналады. Жасыл экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар екеніне біз сенеміз. Экология мәселесі баршамызға ортақ мәселе, мемлекет көптеген оңтайлы Жарлықтар шығаруы немесе ғаламдық Тұжырымдамаларды жүзеге асыруы мүмкін. Осы ұйғарымдар жағдайды өзгертуі немесе Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуы мүмкін, бірақ тағы бір мәселе ол әр адамның өзінің жеке экологиясы бар. Әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда жеке үйлер, аулалар мен көшелер экологиясы болсын, айналасындағы жағдайға өзі жауапты екенін сезінуі тиіс. Осы жасыл экономиканың дамуына келесі жылы елімізде өтетін әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесі өз үлесін қоспақ. Біз жастар осы экономикаға ат салысу арқылы елдің іргетасы екеніне дәлел болып, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға деген серпілісті серпілтетініміз анық.
Біз жастар ертеңгі ел болашағы екенімізді ұмытпайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ел ертеңі — жалындаған жастар. Ал олардың бүгінін жарқын ету — билікке жүктелетін бірегей міндет», — деген болатын. Біздің, жастардың, жеңістері мен жетістіктері — қажырлы еңбек пен мақсатқа жетуге деген құштарлықтың нәтижесі. Осындай қасиетті біз ер жүрек аға-апаларымыздан үйрендік, ұлттық тәрбие арқылы бойымызға сіңірдік. Біздің жетістіктеріміз ел үшін, Елбасы үшін, болашақ үшін!
Еліміз мәңгілік ел болу үшін біз аянбай тер төгуіміз керек, сол жолда еңбек етуіміз қажет. Елбасымыздың осы тұстағы «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасын айтуға болады. Бұл жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға негізделіп, жұмыссыз халықты азайтамыз деген бастама болып табылатыны бәрімізге белгілі.
Әлемнің әміршісі – еңбек.
Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бәрін жеңбек.
Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады. Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ағайын!
Бүгінгі таңда мемлекетіміз жастар кәсіпкерлігін дамытуға барынша қолдау көрсетіп жатыр. Бұл жерде «Даму» қорының да үлесі зор. Белсенді жастарымыздың өз ісін ашу арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға ұмтылуы қуантарлық жағдай. Бұл бетбұрыс жыл өткен сайын айқындала түсуде. Жастар өздеріне сенімді болып келеді. Сол үшін де әр түрлі қызықты да тартымды идеялар ұсынып жатыр. Жастардың мұндай жасампаз идеяларын жүзеге асыру — экономиканың дамуына жаңа зор серпін береді деп күтілуде.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚазАқпарат Мемлекет басшысының халқына жолдауы, Астана 10шілде
2. «Жасыл экономика» туралы Тұжырымдама, 2013ж 1- маусым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *