Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі

Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Бұл пікірді 1838 жылы М. Шлейден жəне Т. Шванн постулат түрінде дəлелдеді. Тірі ағза жасушаларында барлық химиялық процестер жүріп жатады. Жасушаның қызметін фабрика қызметіне теңеуге болады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай жасушаларды екі класқа бөледі. Құрылысы қарапайым болатын жасушалар прокариоттар, олардың негізгі қасиеттерін бактериялар мысалынан қарауға болады. Бұлардың құрылысы қарапайым, кіші өлшемді. Бактериялар қажетті энергияны қоршаған ортадан алады жəне бұлар үшін энергияның қайнар көзі – глюкоза.
Жасушалардың екінші класы – эукариоттық жасушалар. Бұ лардың мөлшері прокариоттардан 10-15 есе үлкен болады. Эукариоттардың жасушаларында түрлі функция атқаратын органеллалар бар: ядро, митохондриялар, пероксисомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, цитоплазма, эндоплазмалық тор, рибосомалар, хлоропластар, биологиялық мембраналар.
Жасушалардың барлығы қабықшамен – жарғақшамен қапталған. Жарғақшаның белокты қабаты амин қышқылдардың, көмірсулардың жəне жасушадағы өзге де заттардың сыртқы жəне ішке тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Цитоплазма — барлық жасушаларда болатын сұйық зат.
Ядро дегеніміз – бұл жарғақшалы органелла. Оның ішінде ядрошырын сөлі – кариоплазма болады. Ядрошырын сөлінің ішінде ядрошық жəне ДНҚ-дан құралатын хромосомалар жүзіп жүреді. Олар белоктардың құрылысы туралы тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтайды.
Эндоплазмалық тор (ретикулум) (ЭПТ) – бұл цитоплазма дағы өзекшелер жəне қуыстар жүйесі түріндегі жасуша органелласы. Əдетте рибосомалар эндоплазмалық тордың жарғақшасына жабысады.
Лизосомалар — жануар жəне саңырауқұлақ ағзаларының жасушаларында кездесетін диаметрі 0,5 мкм сопақ денешіктер. Лизосомаларда жасуша метаболизмінде пайда болған өнімдерді ыдырататын ферменттер жинақталған, лизосома сұйығының рН~4,5 шамасы гидролиздің тиянақты жүруіне себеп болады.
Пероксисома – органелла, мұнда органикалық қышқылдарды тотықтыратын ферменттер, каталаза, пероксидаза ферменттері жинақталған.
Рибосомалар – РНҚ жəне белоктардан құрылған мөлшері 20 нм болатын жасушаның ұсақ органелласы. Рибосомаларда белоктар синтезі жүреді.
Митохондриялар – біржасушалы жəне көпжасушалы ағзалардың барлық жасушаларында болатын органелла. Митохондриялардың ішінде ДНҚ, РНҚ жəне цитоплазмалық рибосома лардан өзгеше рибосомалар кездеседі. Митохондриялар жас у шалардың энергетикалық станциясы деп аталады. Мито- хонд риял ардың саны, пішіні, мөлшері жасушаның метоболит- тік статусына тəуелді.
Хлоропластар – хлорофилл пигменті болатын жасыл пластидтер. Хлоропластарда фотосинтез жүреді – күн энергиясы АТФ жəне көмірсу молекулаларының химиялық энергиясына айналады.
Биологиялық мембраналар, ең алдымен, жасуша метаболизмінің биохимиялық, жасушалық жəне физиологиялық деңгейдегі интеграциялық жəне дифференциялық жүйесі. Биомембранасыз АТФ-тың синтезі, гормондардың зат алмасуға əсері т.б. процестер жүрмейді.
Жасушалық жəне субжасушалық деңгейде мембранасыз ядроның, митохондрийдің, лизосомалардың, цитоплазманың өз қызметтерін істеуі мүмкін емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *