ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІМЕН ШЕКТЕЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК – ЕҢБЕК РЕАБИЛИТАЦИЯСЫ ЖӘНЕ АДАПТАЦИЯСЫ
Мүмкіндігі шектеулі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатына олардың қоғаммең, ұжыммен қалыпты қарым-қатынасқа әлеуметтік (соның ішінде құқықтық та) нормалар мен қағидаларды саналы түрде орындай білуге үйрету кіреді. Әлеуметтік бейімделу мүмкіндігі шектеулі бар балаларға қоғамдық пайдалы өмірге белсене орналасуына мүмкіндік береді. Арнайы мектептің оқушылары біздің қоғамдағы нормаларды игере алатындығын көрсетіп отыр.
Қазіргі күні Республикамызда әлеуметтік педагогика компоненттерінің еңбектің ұйымдастырылуы, саяси-құқықтық ұйымдардың жұмыс жасауы және білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес қиындықтар туындауда. Олар: адамның қоғамға дұрыс бейімделе алмауы, өзін тұлға ретінде жүзеге асыра алмауы, мектепте немесе отбасында жанжалдардың пайда болуы, қиын балалармен жұмыс жүргізудің өз деңгейінде жүзеге аспауы, баланың өз құқығын білмеуі, адамдардың өздеріне қажетті әлеуметтік көмекті алаалмауы және т.б. себептерден қоғамымызда келеңсіз жағдайлар орын алуда.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады”, — деп атап көрсетті.
Тәжірибелік жұмыста ең бастысы еңбек қабілеттіліктерімен шектелген балаларға ол гигиенаны сақтауға, дұрыс тамақтануға, киімдерін киюге, аяқ киімнің бауын дұрыс байлауға үйрету болып табылады.
Қорытындылай келсек, арнайы білім беру стандарты даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теңдей жағдайлар жасауға және оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Онда: емдік — сақтандыру шаралары мен сауықтыру жұмыстары; даму кемшіліктерін түзету; жалпы білімдік дайындықта: жалпы еңбекке және алғашқы кәсіптік еңбекке дайындау жұмыстары қарастырылған.Арнайы мекемелердің негізгі мақсаты болып танымдық пайымдау мен эмоциялық ерік саласындағы кемшіліктерді игеруде ақыл ой кемшілігі бар балаларды еңбекке қатыстырып, өз бетінше тіршілік жасауға, қазіргі қоғам жағдайында әлеуметтік бейімдеуге үйрету.
Болат М. – ПМПИ студенті (БОПӘ-41 тобы)
Байменова А. – ПМПИ студенті (БОПӘ-41 тобы) Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доц. Асенова Н.С.