ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІГІМЕН ШЕКТЕЛГЕН ТҰЛҒА

Әлмахан М.К. – ПМПИ студенті (Д-31 тобы)
Хуаныш Ж. – ПМПИ студенті (Д-31 тобы) Ғылыми жетекші – аға оқытушы Мурзатаева А.К.


ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТТІЛІГІМЕН ШЕКТЕЛГЕН ТҰЛҒА

Еңбекке қабілеттілік – бұл адамның денсаулық жағдайына қатысты болып табылатын еңбек қызметіне қабілеттілік.
Еңбек қабілеттілігімен шектелген тұлға түсінігі кеңес үкіметі кезінде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында пайда болды. 1918ж қазан айында қабылданған «Еңбекшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету туралы» еңбек қабілеттілігінің шектеулі деңгейіне байланысты құрылды.
1921ж 8 желтоқсан айында ХКК бұйрығымен мүгедектіктің алты тобы анықталды, жіктеменің негізінде еңбек ету қабілеттілігінің деңгейіне сай құрастырылды:
I топ- мүгедек кәсіби еңбекке жарамсыз және қосымша көмекті қажет
етеді;
II топ- мүгедек кәсіби кәсіби еңбекке жарамсыз және қосымша көмекті қажет етпейді;
III топ- мүгедек тұрақты кәсіби еңбекке жарамсыз дегенмен андасанда кездейсоқ және жеңіл еңбек етіп қаражат таба алады;
IY топ- мүгедек өзінің бұрынғы кәсіби қызметін жалғастыра алмайды, дегенмен сол сияқты квалификациялық мамандық игере алады;
Y топ- мүгедек өзінің бұрынғы кәсіби қызметін жалғастыра алмайды, дегенмен сол сияқты квалификациялы, дегенмен басқа мамандық игере алады;
YI топ- бұрынғы кәсіби еңбек ету мүмкін, дегенмен неғұрлым төмен деңгейге көшуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың 4,4% түзеу көмектерін ала отырып, білім берудің жалпы білім беретін ұйымдарында білім алуда. Білім беру ұйымдарының біркелкі үлгілеріне ( мектептермен балалар бақшасының 8 үлгісі) көп функционалды икемді жүйесін құруға көшу әртүрлі білім беру мұқтаждықтарына ден қоюға және баланың жеке мүмкіндіктерін ескеруге жәрдемдеседі.
Дүниежүзі шеңберінде еңбек қабілеттілігі шектеулі тұлғалар мәселесіне назар аудару БҰҰ тарапынан басталады. 1981ж БҰҰ «Мүгедек жылы» деп аталды, 1983-1992ж –Мүгедектердің онжылдығы жарияланды. Осы іс-шаралар шеңберінде БҰҰ құрамына кірген мемлекеттердің үкіметтері мүгедектер мәселесі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа ие болып қоғам ішінді мүгедектердің жағдайына назар аудару жұмыстары басталады.
Қазақстандағы жағдай бүгінгі күні мынадай: мүгедектерге қоғамның кейбір салаларында кемсітетін жағдайларға тап келуге тура келеді: қоғамдық ғимараттар, көлік және байланыс құралдары олардың жүріп тұруына бейімделмеген. Қоғамда мүгедектерге материалдық және әлеуметтік жағдайлардың жасалуыәлі де болса жеткіліксіз. Оқып-үйрету және еңбекке орналастыруда қазіргі уақыт талабына сай келмейтін біліктілік стандарттары мен өлшемдер қолданылады, бұл мүгедектердің әлеуметтік жағынан оқшаулануына алып келеді. Сонымен қатар, қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер алуда мүмкіндіктерді таңдау шектелген. Олар шектелген әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық және білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады.

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатары төменгі көрсеткішті көрсетеді.



Қорытындылай келсек, еңбек ету мүмкіншілігі шектеулі адамның бұл жағдайы басқамен шын мәнінде тең білім алу және әрі қарай еңбек ету мүмкіндігі болады. Еңбек етуге мүмкіндігі шектеулі адамға дені сау емес және күшті емес зат есебінде қарауға болмайды. Еңбек етуге мүмкіншілігі шектеулі адам тең құқылы болады және студент ретінде де, мекеме, кәсіпорын қызметкері ретінде де тең міндеттері болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *