БОТУЛИЗМ МИКРОБИОЛОГИЯСЫ
Ботулизм – токсикоинфекциялық ауыр формасы, өйткені, clostridium botulinumiмен көбіне азық-түлік арқылы зақымдалады. Ботулизмнің қоздырғышы орталық нерв жүйесін зақымдайды.
Ауру қоздырғышын алғаш 1896ж. Э. Ван Эрменген колбаса қалдықтарынан, адамның көкбауыры мен тоқ ішегінен анықтаған.
С.В. Констансов уланудан өлген. Қызыл балық организмінен ботулизм қоздырышы анықталған.
C botulinum – үлкен полиморфты таяқша; ұзындығы 4-9мкм, диаметрі – 0,5-1,5мкм, қатарсыз орналасады, кейде жұп болып шынжыр түзеді. Ескі культураларда ұзын жіптер түзуі мүмкін, грам оң, жылжымалы, перитрихты талшықтары бар. Капсла түзбейді, спорасы овальды, субтерминальды орналасады, яғни, таяқшаға теннис ракеткасы сияқты пішін береді. Спорасы культурада 24-48сағ-тан кейін инкубация нәтижеде пайда болады. Қышқылды реакцияда c botulinum көбеймейді. (рН – 3-1) және концентрасы 10% NaCl ерітіндісінде.
С botulinum сегіз токсин түзеді: A, B, C1, C2, D, E, F, G.
Оларды антигендік спецификасы бойынша ажыратады. Бұл қасиетімен олар казеинді гидролиздейді, H2S-ті продуцирлейді.Протеолитикалық тобына: A, B, F топтары Протеолитикалық емес тобына: E, (B, F тобының кейбір түрі) тобы жатқызылады.
C, D топтары аралық болып есептелінеді.
А – типі және В, C, D, F тобының атомдары – тік немесе шамалы кілгін таяқша. Ұзындығы – 4,4-8,6мкм, диаметрі – 0,8-1,3мкм, жылжымалы (перитрихты). Спорасы овальды, субтерминальды.
Қоректік спорада жақсы өседі. Қанды агарда 0,5-1% глюкоза ерітіндісінде жазық және қабыршақты колония түзеді. Диаметрі 3-8мм, гемолиз зонасымен қоршалған. Бастапқы өсуде колониясы ұсақ, жылтыр, шық тамшысындай болады. Кейінірек олар үлкейіп, сұр түсті, қалыпты немесе қалыпсыз пішінге ие болады.
Сүтті пептонизирлейді. Өсу температурасы – 30-400С. ДНҚ-дағы Г+Ц 26-28моль%.
Е – типті және В, F тобының протеолиттік емес тобы.
Тік таяқшалы, диаметрі – 0,3-0,7мкм, ұзындығы – 3,4-7,5мкм, грам оң, бірақ ескі культураларда грам теріс болады. Жылжымалы (перитрихты).
Спорасы овальды, субтерминальды. Қанды агарда колониясың диаметрі – 1-3мм, шеттері пішінсіз, мозайкалы структураға ие. Е штамының кейбір түрлері желатинді гидролиздейді. Сүтті ұйытады, бірақ пептонизирлемейді.
Өсу температурасы 25-370С. ДНҚ-дағы Г+Ц – 26-28моль%.
С, D тобы протеолитикалық емес.
Тік таяқша, диаметрі – 0,5-0,7мкм, ұзындығы – 3,4-7,9мкм, қозғалмайды, спорасы овальды, субтерминальды, желатинді гидролиздейді, сүтті ұйытпайды, пептонизирлемейді. Қанды агарда колониясы дөңгелек, шеттері тегіс емес, жазық, сұрақшыл түсті, жартылай мөлдір болады. Өсу үшін температуралық оптимумы – 30-370С, ДНҚ-да Г+Ц – 26-28моль%.
G типі. Тік таяқшалы, диаметрі – 1,3-1,8, ұзындығы – 1,6-9,4мкм, қозғалмалы, талшығы – перитрихты, спорасы овальды, субтерминальды орналасады. Грам оң. Қанды агарда колониясы дөңгелек, диаметрі – 0,5-1,5мм, шеттері тегіс, жартылай мөлдір, сұр, жазық болады. Китта-тароцци ортасында сүтті баяу пептонизирлейді. Өсу температурасы – 30-370С. Топырақта табылған. Бірақ осы қоздырғышпен адамдарда ауру табылмаған.
Резистенттілігі. C botulinum-ның табиғатта және өнім құрамында сақталуы оның спора түзушілігіне байланысты. Спора топырақ құрамында көп уақыт сақталады, ал қолайлы жағдай туғанда, жаз айларында олар көбейеді және тарайды. Олар төмен температурада көп уақыт сақталады. Кептірілген күйінде олар он жылдап сақталады.
Спорасы қыздыруға да өте тұрақты (әсіресе А типі).
А және D типінің спорасы қайнатқанда бес сағаттан соң, ал 1050С температурада 1-2 сағаттан, 1200С-та – 20-30 минуттан кейін жойылады.
C botulinum токсині физикалық және химиялық факторлары тұрақты. Токсиндері протеолиттік ферменттеріне тұрақты, қышқылды ортада (рН 3,5-6,8) олар нейтральды және сүлтілі ортаға қарағанда тұрақтылау. 2-3%-ті сілті ортасында олар жойыла бастайды.
NaCl-дың жоғары концентрациясына тұрақты. 580С-да ботулизм қоздырғышы үш сағатта, 800С-да 30 минутта, 1000С-да бірнеше минутта жойылады.
С типі басқа типіне қарағанда тұрақтылау болып келеді. Жоғары температураға тұрақтылығы өнім түріне, рН-қа және басқа да жағдайларға байланысты.
Эпидемиологиясының ерекшелігі
C botulinum-ның басты кездесетін жері топырақ болып саналады. ТОпыраққа олар сумен, фураж бен, азық өнімдерімен түседі.. Қоздырғыш АҚШ, Канада т.б суы, өсімдігі көп жерлерде аса көп таралған.
Қоздырғышы тасымалдау жылқыда, мүйізді жануарларда, шошқада, тауықта, кемірушілерде көптеп дамыған.Ауылшаруашылық өнімдерінде, адамның нәжісімен ластанған топырақта, ботулизм қоздырғышы қоршаған ортаны ластайды және ауру таралуына жол ашады.Ботулизм барлық елдерде кең таралған, бірақ әсіресе консерві өнімдерін көп қолданылатын елдер де көптеп кездестіреді.
Германияда, Францияда, Россияда консерві өнімдері көп қолданылатындықтан АҚШ-та өсімдік консервісі, Ресейде – балық пен балық консервілері қолданылатындықтан қоздырғыш көптеп кездеседі.
Кейде қоздырғыш бір аймақта бірден пайда болуы мүмкін. Оған мысалы ретінде 1933ж Днепроперовскі қаласындағы 230 адамның икрамен улануын айтуға болады. Осы науқастың 26-сы қайтыс болған. Жиі жағдайда жарақат нәтижесінде қоздырғыш организмді зақымдауы мүмкін.
Клиникасы мен патогенезінің ерекшелігі
Ботулизм токсикоинфекция ретінде кең таралған. Адамдар әсіресе A, B, C, E, F токсиндеріне аса сезімтал. Зақымдалу тіптен зақымдалған өнімді жұтпастан, аузына салған уақытында да болады. Өнімге әкелетін токсин дозасы бір кг массаға тең. Ботулизм токсині асқазанда, ішекте тез сорылып, қан орналасуы сопақша миға, жұлынның ганглиозды клеткасына әсер етеді. Асқорыту трактісіне түскен соң қоздырғыш қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Инкубациялық периоды адамдарда 2 сағаттан 10 күнге созылады.Индуцирлеуші доза қаншалықты көп дозада болса, соншалықты ауру периоды ауыр (қиын) өтеді.
Қоздырғыштың клиникалық көрінісі болып мионеврологиялық синдром, офтальмоплегиялық бұзылыстар табылады. Кейде адамдар соқыр болып қалуы мүмкін. Бұл зақымданулар (симптомдар) көз қозғалтқыш нервтің зақымдалуына тығыз байланысты.
Ауру біртіндеп күшейе түсіп, афония, жұтынудың қиындауы, метеоризм, іш өту, мойын бұлшықеті әлсірейді сияқты өзгерістер байқалады.
Сонына келе науқас жүрек пен тыныс органдарының параличтенуі нәтижесінде өледі. Летальдылығы – 35-85%-ті алады.
Постинфекционды иммунитет. Қоздырғышпен ауырған адамдарға типоспецификалық антитоксиенді иммунитет қалыптасады.
Лабораториялық диагностикасы. Зерттеу материалы ретінде науқастың асқазанын жуғаннан кейінгі алынған сұйықтық, қан, нәжіс, зәр, құсық массасы қолданылады.Өлікте – асқазан, тік ішек, тоқ ішек лимфатикалық түйін, бас миы, жұлын зертету объектісі болады.Қоздырғышты анықтау үшін тығыз қоректі орта, китта-тароцци ортасы қолданылады.
1.Тышқандарға биологиялық проба. Ол үшін кем дегенде 5 тышқан алынады. Біріншісін зерттелетін материалмен зақымдаймыз, қалған төрт тышқанға A, B, C, E токсинін 200 МЕ дозасында еңгіземіз. Нәтижеде төрт тышқан өледі.
2.РНГА-ның антиденелі диагностикамен пайдаланылуы.
3.Жоғары сезімталдық пен спецификалық әдіс.
Емдеу
Ботулизм емдеудің бір әдісі болып антитоксинді сарысуды ерте қабылдау болып табылады.
Токсин түрі анықталған соң тек гомологиялық сарысу қолданылады. Профилактика
Қоздырғыштан сақтану жолы санитарлы-гигиеналық талапты сақтау болып табылады. Бұл әсіресе концерві заводтарында, колбаса, ветчина концерві және балық тұздауда гигиенаны сақтау болып табылады. Концервілер термиялық өңдеуден кейін термостатты контрольде болуы қажет. Егер концервіде ботулизм қоздырғышы болса, онда концервілердің беті ісінеді.
Әсіресе үйде саңырауқұлақтан дайындалған концервілер аса қауіпті.Зерттеу үшін қоздырғыштың зақымдаған бөлігінен тік бөлшегін (кусочный ткань) немесе экссудатты анықтайды. Өлген организмнен зерттеу үшін қан, бауыр, көкбауыр, зақымдалған, жарақаттар тексеріледі.