АУАЛЫ ГАНГРЕНАНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯСЫ

АУАЛЫ ГАНГРЕНАНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯСЫ

Ауалы гангрена – ауыр инфекциялақ ауру. Мұнда ұлпаның ісінуі, газтүзушілігі байқалады.Бірінші рет 1562ж А. Паре «госпитальды гангрена» атауымен сипаттама берді.Ауалы гангренаға классикалық сипаттаманы 1864ж Н.Н. Пирогов берген.Ауалы гангрена полимикробты инфекция. Оның қоздырғыштарына: c sporogenes жатады. Бұлардың ішіндегі маңыздысы с perfringens, c novyi болып табылады.
Сlostridium perfringens. Алғаш 1892ж Гэлч және Г. Натталмен зерттеген. Адам мен жануар ішегінде дамиды. Спора оң, таяқшалы, ұзындығы – 3-9мкм, диаметрі – 0,9-1,3мкм. Спорасы овальды, субтерминальды немесе центральді орналасады. Жарадан алынған материалды сарысуда өсірсе капсула түзіледі. Температуралық оптимумы 450С, 20-500С диапазонда өседі. ДНҚ-дағы Г+Ц 24-27 моль%.
Сұйық ортада с perfringens тез өседі, лактозаны, мальтозаны, сахарозаны ферменттейді. Ал манитті ферменттемейді. Қанды агарда диаметрі 2-5мкм коллонияны түзеді. Столбик агарында диск тәрізді, колония түзеді.
С perfringens жоғары инвезивті, токсигенді. C perfringens патогенді факторы оның экзотоксин түзушілігінде.Оның гемотоксикалық, некротикалық, нейротоксикалық, лейкотоксикалық және летальды қасиеті экзотоксиннің компоненттерімен тығыз байланысты.Алты серологиялық типі бар: A, B, C, D, E, F. А серотипі – газды гангренаның ең қауіпті түрі. Оның токсинінің құрамы алты компоненттен (альфа (α), тэта (θ), каппа (κ), мю (μ), ню (ν)) тұрады.
Clostridium novyi 1894ж Ф.Нови ашқан. Толық полиморфты грам оң таяқша, диаметрі – 0,8-1,4мкм, ұзындығы – 1,6-2,5мкм, көп жағдайда шынжыр тәрізді, 2-5 жасушадан тұрады, капсула түзбейді, перитрихты. Спорасы овальды немесе дөңгелек тәрізді, субтерминальды орналасуы (аз жағдайда центральды). Қатаң анаэроб, сұйық ортада жақсы өседі. Қанды агарда сұр колония түзеді. Глюкозаны, мальтозаны ферменттейді, лактозаны ферменттемейді. Патогенділігі экзотоксин түзушілігінде. Токсин сонымен бірге гемолитикалық және летальды қасиетке ие.
Басты үш токсині – А, В, С кездеседі. Оптимальды өсу температурасы 40-450С дипазонда жақсы өседі.Clostridium septium 1874ж Л. Пастер және Ж. Жубер мәйіттің қанынан анықтаған. С septium – жіңішке ұзын полиморфты таяқша, диаметрі – 1,1-1,6мкм, ұзындығы – 3-4мкм. Грам оң, перитрихты, капсула түзбейді.Спорасы овальды, субтерминальды орналасады. Желатинді гидролиздейді. Глюкозаны, лактозаны, мальтозаны ферменттейді, маннит пен сахарозаны ферменттемейді. C septium жануар мен адам үшін патогенді. Экзотоксин некротикалық, гемолитикалық, летальды қасиетке ие. Жануар зақымдалса – серозды қанды ісік, тері түсі – қара-қызыл, тері асты – клечаткасында ауа көпіршіктері болады.
Clostridium histolyticum 1916ж Н. Вейнберг пен Е. Сегеном анықтаған. Тік таяқшалы ұзындығы 1,6-3,1 мкм, диаметрі 0,6-1мкм, қозғалады, перитрихты талшық бар, капсула түзбейді, спорасы овальды, субтерминальды орналасады, көмірсуды ферменттемейді. Сұйық орталарда жалпы тұнба түзеді. Колониясы компактты, дұрыс емес пішінді. Қанды агарда колониясы ұсақ, мөлдір, ұзын гемолизді болады.C histolyticum желатинді тез ерітеді. Егер экзотоидті жануарға тамырішілік жіберсе, жануар тез арада өледі.C histolyticum табиғатта аз таралған. Көбіне топырақта, тұрып қалған суда және кейде адам ішегінде кездеседі.
Clostridium sordelli 1922ж Р. Сордели анықтаған. Тік, грам оң, жуан, диаметрі – 1,11,6мкм, ұзындығы – 3,1-4,5мкм. Кейде 3-төрт жасушадан шынжыр түзеді. Капсуласы жоқ, спорасы овальды, субтерминальды немесе центральды орналасады. Протеолиттік қасиетке ие. Желатинді тез ерітеді.
Clostridium sporogens 1908ж И.И. Мечниковпен анықталды. Диаметрі – 0,3-0,4мкм, ұзындығы – 1,4-6,6мкм, грам оң, қозғалады (перитрих), капсула түзбейді, спорасы овальды, субтерминальды орналасады.
Өсу температурасы 30-400С, өсу диапазоны 25-450С. ДНҚ-да Г+Ц 26моль%.
Clostridium difficile алғаш рет 1935ж И. Холлом анықтаған. Сау адам организмінде 3% кездеседі. Ұзындығы – 3,1-6,4мкм, диаметрі – 1,3-1,6мкм, капсула түзбейді. Спорасы овальды, субтерминальды орналасады.
Оптимальды өсу температурасы – 30-370С. Өсу диапазоны – 25-450С. ДНҚ-дағы Г+Ц 28%.
Лабораториялық диагностикасы
Микробиологиялық әдіс бірнеше этаптан тұрады:
1. Экссудаттан немесе жарақаттан алынған бактериоскопия
2. Қоздырғыштың табылуы және идентификациясы
3. Зерттелінетін материалмен ақ тышқанды зақымдау
4. Токсин идентификациясы, клостридий тұқымдасын нейтролизациялау.
Емдеу мен профилактика
Газды генгренадан сақтанудың бірден-бір жолы – хирургиялық жарақаттың дұрыс тазалануы. Науқас адамға (жарақат алған) 10 000 МЕ антитоксикалық сарысу енгізеді. Бұл көбіне c perfringenes қорғану үшін.
Ал c novyi, c septium-нан қорғану үшін 50 000 МЕ еңгізеді.
Столбняктің микробиологиясы
Столбняк – жедел жарақаттың, токсикалық инфекция. Бұл қоздырғышпен көбіне ауылшарушылықпен айналасатын адамдар зақымдалады. Әсіресе, жылы қандылар мен ұсақ мүйізді жануарлар өте сезімтал. Қоздырғышы – с tetani. Алғаш рет 1883ж Манастр,
1884ж Николаермен анықталған. Бірақ, таза культурада тек 1889ж С. Китазата анықтады. C tetani – тік таяқша. Ұзындығы – 2,4-5мкм, диаметрі – 0,5-1,1мкм, кейде ұзын жіптер түзеді. Көпшілігі қозғалмалы (перитрихты). Спорасы дөңгелек, терминальды орналасады, яғни, барабан таяқшасы сияқты көрініс береді. Грам оң, бірақ, екі культурада грам теріс болуы мүмкін. Капсула түзбейді. ДНҚ-дағы Г+Ц 25 моль%. Өсу температурасы – 370С. Өсу диапазоны – 14-450С. Китта-Тароцци ортасында баяу өседі.
C tetani – протеолитикалық қасиеті нашар, желатинді баяу гидролиздейді, инолды түзбейді, нитратты нитритке айналдырады.
Антигені: Стобняктің қоздырғышы О және H антиген түзеді.
H антигені бойынша он серотобын ажыратады.
Резистенттілігі: C tetani-дің вегетативті формасы төзімді емес. Қайнатқанда 5 мин ішінде жойылады. Ал спорасы әр түрлі физикалық және химиялық заттарға өте төзімді. Олардың резистенттілігін жою үшін кем дегенде 1-3 сағат қажет. Автоклавта 1200C температурада олар 40мин-тан соң жойылады.
1% сулем ерітіндісі, 5% фенол, формалин 12-14 сағат ішінде жойылады.
Кептірілген күйінде олар 10 жылдай сақталады. Сондықтан адам фенамиясы мен араласқан топырақ адам мен жануар үшін өте патогенді болып табылады.
Лабораториялық диагностика
Зерттеу үшін қоздырғыштың зақымдаған бөлігінен тік бөлшегін (кусочный ткань) немесе экссудатты анықтайды. Өлген организмнен зерттеу үшін қан, бауыр, көкбауыр, зақымдалған, жарақаттар тексеріледі.
Микробиологиялық диагностикасы мынадай этаптардан тұрады:
1. Материалдан бактериоскопия
2. Идентификация
3. Столбняк токсинін табу

С tetani-ді патологиялық материалдан анықтау үшін тығыз және сұйық қоректі орталар қолданылады. Идентификациясын – морфологиялық, культуральды, биохимиялық және токсигенді қасиеті бойынша анықтайды.
Бұл қоздырғышты анықтаудың ең қарапайым және эффективті әдіс – микробиологиялық диагностика болып табылады. Алғаш ол әдісті ақ тышқандарда жүргізді.Бұл мақсатта зерттелетін материалды және фильтратты екі фракцияға ажыратады. Оның бірін антитоксикалық сарысумен араластырады, кейін оны бөлме температурасында 40мин сақтайды. Осыдан кейін ақ тышқандарды нативті материалмен зақымдайды. Нәтижеде сау тышқан тірі қалады, ал ауру тышқан өледі.Столбняк қоздырғышы РНГА антиденелік эритроцитарлы диагностикамен анықтауға болады.
Емдеу
Қоздырғышты емдеу үшін столбнякқа қарсы антитоксикалық сарысу қолданылады. Сарысу 350 МЕ/кг дозасында қолданылады. Сарысуды десенсиблизациядан кейін бұлшықетішілік немесе тамырішілік жолмен енгізеді. Қазіргі уақытта таза столбнякты антитоксин алынды.
Иммуноглобулин терапевтикалық жақсы әсер береді. Серотерапия жолында антикотерапия (пенициллин, цифалоспорин) қолданылады.
Столбняктің спецификалық профилактикасы.
Бұл жолда екі көрсеткіш басты роль атқарады:
1. Балалар мен үлкен адамдарды столбнякқа қарсы тәрбиелеу
2. Жедел иммунопрофилактика (жарақат алумен тығыз байланысты)
Халықты иммунизацияға тәрбиелеу
Бұл жолды 3-5 айлық балалардан бастайды. Ол үшін АКДС (столбняк анатоксині, дифтерия және көкжөтелдің өлтірілген таяқшасы) қолданылады және әрбір 5-10 жылда ревакцинация жүргізеді. Осындай егу жұмыстары столбнякқа қарсы иммунитетті қалыптастырады және антитоксикалық сарысуға қажеттілік туғызбайды.
Жедел иммунопрофилактика
Жедел иммунопрофилактикасын әртүрлі жерақаттарда қолданылады. Бұл жолда пассивті иммунизация (3 000 МЕ дозасында антитоксикалық сарысу енгізу, немесе активно-пассивті иммунизация, столбнякты анатоксин 30мин-тан кейін басқа шприцпен дененің басқа бөлігіне 3 000МЕ дозасында немесе 950 МЕ дозасында гомологиялық иммуноглобулин) қолданылады.
Осындай столбнякқар қарсы егу жұмысы жүргізілген адамға гомологиялық иммноглобулин қолданылады. Ал столбнякқа қарсы ешқандай егу алмаған адамдарға активно-пассивті профилактика қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *