АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Бостан М. – ТарМУ студенті (ПСХ-2015-1 тобы)
Шұғай А. – ТарМУ студенті (ПСХ-2016-3 тобы) Ғылыми жетекшісі – магистр, аға оқытушы Райкулова А.Ө.

АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Адамзат тарихы агрессияның тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігін сенімді түрде дәлелдейді. Бұған қоса, агрессияның қуатты тартатын күші және жұғымталдық қасиеті бар: көптеген адамдар сөз жүзінде агрессияны жоққа шығарады, ал іс жүзінде оны күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді. Латын тілінен аударғанда «агрессия» — «шабуыл» деген мағына береді. Қазіргі уақытта агрессия сөзі кең мағынада қолданылады. Аталмыш құбылыс жағымсыз эмоциялармен (мысалы, ашумен) және жағымсыз мотивтермен (мысалы, зиян келтіруге тырысу), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен (мысалы, нәсілдік қате түсініктермен) және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады. Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс-әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті (ұмтылысты) айтады. Аталмыш үрдіс әмбебап сипатта болады. «Агрессия» термині тұтас алғанда бейтарап мағынаға ие. Шынында, агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп, жағымды мәнге ие болуы да мүмкін немесе өзінің агрессивті құштарлығын қанағаттандыруға бағытталып, жағымсыз мәнге ие болады. Агрессияның психикалық ақиқат ретінде нақты сипаттамалры бар: бағыттылық, көрініс табу формалары, интенсивтілік. Агрессияның мақсаты жәбірленушіге (қастандық агрессия) жапа шектіру және басқа мақсатқа жету тәсілі (инструменталды агрессия) болуы мүмкін. Агрессия сыртқы нысандарға (адамдарға, заттраға) немесе өзіне (денеге, тұлғаға) бағытталуы мүмкін. Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауіпті болып табылады. А.Бандура және Р.Уолтерс бұндай агрессияны асоциялды деп атайды және әлеуметтік-деструктивті сипатты іс-әрекеттермен байланыстырады. Агрессивті мінез-құлық сипаты көбінесе адамның жасына қатысты ерекшеліктерімен анықталады. Әр жас кезеңі дамудың спецификалық жағдайына ие және тұлғаға нақты талаптар қояды. Жасөспірімдік жаста агрессивті мінез-құлықтың спецификалық ерекшелігі оның үлкендердің бедел-абройыынң төмендеуі фонында құрдастарының тобына тәуелділігі болып табылады. Бұл жаста агрессивті болу «мықты болып көрінуді немесе мықты болуды» білдіреді. Агрессия мен делинквентті мінез-құлық өзара шарттас екендігі анық. Шынында, заң бұзушылық әрекеттер көбінесе агрессивті әрекеттермен бірге жүреді. Тұлғаның делинквентті мінез-құлқы мен агрессияның арасындағы өзара байланыс біркелкі емес. Заңдарды бұзу деңгейіне жеткен агрессивті мінезқұлық еліктеудің саладры болуы мүмкін. Агрессивті мінез-құлыққа еліктеуде делинквентті субмәдениет ерекше рөл атқарады. Асоциалды топ, қарақшы топ, бостандықтан айыру орны – бұл барлық әлеуметтік институттар тұрақты агрессивті мінез-құлық қалыптастырады. Адамдар агрессивті болуға өзгелердің агрессивті әрекеттерін бақылай отырып үйренеді.
Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмі мынандай болуы мүмкін: телехабарға шамадан тыс құмарлық – агрессивті фантазия – өзін кейіпкермен теңдестіру – мәселелерді шешу мен адамдарға ықпал етудің агрессивті жолдарын меңгеру, агрессивті әрекеттерді қайталау, тұлға аралық қарым-қатынаста мәселелерді шешу үшін агрессияны қолдану, қуаттану, агрессивті әдеттер дамымаған әлеуметтік және оқу біліктіліктері фрустрация, телебағдарламаларды шамадан тыс көру. Агрессивті мінезқұлықтың бақылау арқылы қалыптасуы бірнеше шарттар орындалғанда ғана мүмкін: біріншіден, көрген хабар шынайы болуы және баурап алуы қажет; екіншіден, көрген хабарды агрессия ретінде қабылдау қажет; үшіншіден, агрессия көрермен өзін агрессормен теңдестіргенде ғана үлгі бола алады, нақты тұлға үшін агрессияның ықтимал нысаны фильмдегі агрессияның құрбанымен ассоцияланады. « Бұндай қарым – қатынасты қаламайтын, басқа тіршілік иесін қорлауға немесе оған зиян келтіруге бағытталған» агрессивті мінез – құлық формалары айқын әлеуметтік – жағымсыз бағаға ие болады. Мұндай агрессивті-ассоциалды мінез-құлық міндетті түрде зорлық зомбылықты қамтиды-ауру тудыратын вербалды немесе физикалық іс-әрекеттер.
Қағида бойынша, ол агрессордың жағымсызэмоциялары фонында (ашу, долылық, біреуді азаптауға, қорлауға құмарлық, байыпсыздық) және өз кезегінде жәбірленушінің жағымсыз әсерленушілігін тудырады (қорқыныш, қорлану). Мұндай мінез-құлық агрессивті мотивтермен көрінеді: қирату, жою, пайдалану, кесірін тигізу. Агрессивті мінез-құлық балалық және жасөспірімдік жас үшін әжептәуір үйреншікті құбылыс. Оған қоса тұлғаның әлеуметтену үдерісінде агрессивті мінез-құлық маңызды қызметтер атқарады. Қалыпта ол қорқыныштан арылтады, өз мүдделерін қорғауға көмектеседі, сыртқы қауіптен қорғайды, бейімделуге септігін тигізеді. Осыған байланысты агрессияның екі түрі туралы айтуға болады: зарарсыз – бейімдеуші және деструктивті-дезадаптивті. Психологиялық әдебиетте көбінесе агрессияны «делинквентті» мінезқұлық ретінде түсіндіреді, яғни «белгілі қоғамда және белгілі бір уақытта бекітілген заңдардан ауытқушы нақты тұлғаның іс-әрекеттері, басқа адамдардың амандығына немесе әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіретін және шамадан асып кетсе, қылмыстық тұрғыдан жазаланатын іс-әрекеттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *