Эссе мен шығарманың айырмашылығы

Эссе мен шығарманың айырмашылығы

Мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар әдебиет пәні бойынша шығарма жазуға дағдыланған, ұсынылған тақырыптарды таңдау, оларға жоспар құру, шығарма жазу барысында жоспарды негізге ала отырып, одан ауытқымау сияқты талаптарды игерген. Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттаудағы өзгеріске байланысты олардың эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік. Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі. Осыларды ескере отырып, оқушылардың назарына екі әдеби жанрдың өзіндік ерекшеліктері көрсетілген төмендегі кесте ұсынылып отыр. Бұл кестеде эссе мен шығарманың анықтамасы, құрылымы, мақсаты,
оларды жазуға қойылатын талаптар дараланып көрсетіліп, қазақ тілінің бай сөздік қорын тиісінше дұрыс қолдана білу туралы нақты мәліметтер берілген.

Эссе Шығарма
Эссе дегеніміз (фр. тіл. Шығарма – оқушының туған Essai –тәжірбие, лат.т. exagium халқының әдебиетінен алған – құрау) – философиялық, әдеби, білімін өз ойымен, тарихи, публицистикалық, дүниетанымдық көзқарасымен әлеуметтану, саяси және тағы еркін ұштастыра отырып басқа саладағы ғылыми емес, баяндайтын шығармашылық автордың жеке көзқарасын төл еңбегі. білдіретін прозалық мәтін. Шығарма – берілген белгілі бір Эссе жазылу мақсатына қарай тақырып бойынша жазылатын, оған қойылатын талаптар да міндетті құрылымнан тұратын, әртүрлі болады. Эссе жазушы пәндік білімге бағытталған мақсатқа сәйкес эссе түрінің шығармашылық жұмыс.
талаптарын сақтап отырып жазады.
Эссенің қатаң түрде жоспарға Шығармада жоспарды жазу негізделуі міндетті емес. міндетті.
Эссе жеке көзқарас, сараптама, Шығарма көбінесе көркем дәлелдемелерге негізделеді. мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашылық жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.





Шығарманың мақсаты – жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту.
Шығармашылық қиялды,
нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *