Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
Тіл дыбыстары -сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады.
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет.
Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, балаларға мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ,сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтан қарап балаларға лайықты етіп түсіндірген жөн..Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. HYPERLINK «http://www.netref.ru/739-oni-668-i-aza-tilinde-71-i.html» Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі бала өз тәрбиешісіне еліктейді. Балалардың алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сез тіркестерінен тұратын сейлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын тұсініп оқуына жетелейді. Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.
Бала тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін кішкентай кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түседі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, тіл дыбыстарының анық шығуы мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.