Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.

Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін — сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Сөйлеген сөз не оқылатын текстегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс толас болады.
Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелер беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқыңанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол – әдеби текстің мән-мағанасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді.
1. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөз тактілерін бөліп тұрады.
2. Ал орташа кідірісті – логикалық кідіріс дейді.ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, бір ойды аяқтап екінші ойға көшу немесе бүтін текстің бір бөлімнен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді.
3. психолоогиялық кідіріс – сөйлеушінің толғаныс-тебіреністерімен байоанысты келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне , сөз астарына байланысты болады. Мұндай кідірістер текстің басында, ортасында, аяғында келе беруі ықтимал. Өйткені ол текстің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Сөйлеу қарқыны да сөздің нақышты шығуының әсерлі тәсілінің бірі. Дауыс қарқынының түрлі реңктерін пайдалану сөзге ерекшк бір өріс, ойнақылық, нақыш береді. Егер сөз бір қалыпты солғын үнмен қарқынсыз сқйленсе, ол өңі қашып сүреңсіз шықпақ. Мәнерлегіш тәсілдердің басқалары сияқты сөйлеу қарқына да шығарма мазмұнына байланысты шықпақ. Ол орындаушының айтқысы келген оймен тығыз байланысты болады. Қысқа текстің өзінде де дауыс қарқыны өзгеріп отырады, бірақ олар бір-бірінен жігі бөлінбей үйлесіп, бірегей болып естілмек. Шығарманығ мазмұнына қарай сөйлеу қарқынының әр түрлі реңтерде пйдалану дауысқа ерекше дыбысталу, үн, нақыш береді. Бәрақ текстің мазмұнына байланыссыз қарқынды түрлендіре беру сөздің табилығын бұзады. Сондай-ақ ешбір реңсіз бірсыдырғы өарқын сөзді жансыз етежі де тыңдаушыларын жалықтырып жібереді.
Дауыс күші
Көркем оқу мен әңгімелеп беру тәсілінің біріне дауыс күші де жатады. Дауыс күші оның қатты шығуы емес. Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтылығы, тазалығы, оны игере біліц, яғни ақырын да, орташа да, қатты да сөйлеп, қаттыдан ақырынға , керісінше ақырыннан қатты сөйлеуге көше білу. Жалпы дауыстап оқу, әңгіме айту орташа қоңыржай дауыспен орындалады. Текістің мазмұнына байланысты дауысты берде көтеріп, бірде төмендетіп отырады. Сөйлеу темпі тәріздес, дауыс күші де интонацияның бір элементі. Дауыс күші көркем сөз орындаушыға кейіпкерлер образын жанды етіп көрсетуге, олардың іс-әрекетін , мінез-құлқын сипаттауға көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *