Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
Мәнерлеп оқу — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер. Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құралы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері. Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады,сүйіндіреді,таңдантады,күйіндіреді,жылатады,күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:
– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;
– Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;
– Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде койылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру. Олар: а) логикалық кідірістер; ә) психологиялық кідірістер; б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.
Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Мұғалімін үлгі тұтқан шәкірт, оған еліктейтінін мектеп тәжірибесі жиі дәлелдеп келеді.
Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.