Мәнерлеп оқу туралы

Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Мәнерлеп оқу — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Ал мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.
Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:
– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;
– Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;
– Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *