Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.Яғни,бала санасына көркем әсер қалдыру үшін,осы пәннің маңыздылығы зор. Бұл пәннің маңыздылығы -болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып,мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төсілдіру,үйрету,жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу , дикция(үн сазы) т.б. дауыс сапасын дамыту жолын көрсету. Мәнерлеп оқу пәнінде студенттерге мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің ерекшелігі, және бөбектерге арналған кітаптарды ,әдеби шығармаларды таңдау , сұрыптау , пайдалану баса айтылады .
Балаларға шығарма оқу бөлімінде әңгімелеу, тәрбиешінің әңгіме айтып беруі , оның ерекшелігі , әңгіменің түрлері, тәрбиешінің творчестволық әңгіме құруы , оның методикасы, әңгімені нақышына келтіріп орындау, тәрбиешінің үлгі-әңгімесі, ойыншықты сипаттау, картинаға,суретке қарап әңгіме құрау,көркем шығарманы әңгімелеу, кейіпкерлерді сипаттау, олардың үнін дауыспен келтіру деген сияқты көптеген әдіс – тәсілдерді үйретеді.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы балалардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, балалардың өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетеді.
38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер.Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құралы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді. Халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. «Сөздің көркі – мақал» деп халық бекер айтпаса керек. Балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді. Мысалы, «Отан- отбасынан басталады», «Өнер – бұлақ, білім- шырақ» т.б.сияқты мақал-мәтелдеріміз балаларға терең ой салып, көркем сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытса, жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой – қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін,тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпашпен мақал –мәтелдер. Балалар осылар арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді. Мысалы, «Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді», «Бала бал арасын қуалады, Бал арасы баланы қуалады» т.б.
«Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам» -деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі — ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды .Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады.
Қорытындылай келе, бала тілін дамытуда, ой – өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар.Осыдан үлгі өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай,мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік