Лиро –эпос

Лиро –эпос. Батырлық эпосты жинаушылар лиро-эпос мұраларын жарыққа шығаруға ат салысқан. Батырлық эпостағы негізгі тақырып – ерлік болса, лиро-эпос – махаббат, сүйіспеншілік мәселесін дәріптеуге құрылады. Қай жырдың айтары махаббат еркіндігі болып отырды. Эпикалық шығарма әдеп-ғұрып, салт-сананы барынша аша алуымен ерекшеленеді. Жырда таптық қайшылықтар қалыс қалмайды. Басты трагедияның өзі осыдан келіп шығады. Бұған сандаған ғасырлар белесінен сүрінбей өтіп, бізге жеткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» жырлары жауып береді. Осымен қатар көшпелі тұрмыс-тіршілік арқылы ауысып, шығыс сюжетіне құрылған қазақ дастандары ертедегі шығыспен қаншалықты байланыстарымыздың болғандығын дәлелдей түседі. Бұның жарқын дәлелі ретінде «Бозжігіт», «Таһир — Зуһра», «Жүсіп-Зылиха», «Сейфулмәлік», «Иранғайып шаһ Ғаббас», «Шәкір-Шәкірат» т.б. эпикалық мұраларымызды атаймыз. Бұлардың жасалуында да көркем жағынан поэтикалық тіл өрнегі теңеу, эпитет, өлең құрылысы қазақ эпосының дәстүріне сай туғандығын көрсете алады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *