Көркем сөз өнерінің мәні

Көркем сөз өнерінің мәні.
Көркем сөз — эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни «Әдебиеттің ең бірінші элементі» (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөздің кадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар («Өнер алды — қызыл тіл», «Сөз тапқанға қолқа жок», «Сөз тұземегенді тез түземейді», «Жүйелі сөз — киелі», т.б.). Ұлы ақын Абай: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы», «Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас» деп, Көркем сөз кұдіретін жоғары бағалаған. Акын-жазушылар асыл сөздің сол сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың коркемдігін арттырады, тіл байлығын молайтып отырады. Олар осы бейнелеу құралының дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңдігіне, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ тіліне «Көркем сөз» терминін А.Байтұрсынұлы енгізген. 20 ғасырдың 20- жылдарындағы шығармалар қазақ үлттық Көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылып жүр. Бұл кездегі С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Төреқұлов, М. Дулатов, С. Садуақасов, С. Қожанов, С. Мұқанов, т.б. қаламгерлер жазған Көркем сөз үлгілерінен замана тынысы, көзқарас кайшылығы, айтыс-тартыс бағыты айқын көрінеді. Көркем сөз жанрлары — кезеңдік жанрлар, яғни өз кезеңінің өзекжарды мәселелерін арқау ететін, ұрымтал, елгезек жанрлар.
Көркем сөз оқу өнері-искусствоның күрделі де қиын түрі. Көркем сөз орындаушы- конферансье де, сахнаға шығатын артист те емес. Бұл- бір өзі бүтіндей бір шығарманы ешбір декорациясыз, костюмсіз, қимылсыз тек қана сөзбен, дауыс нақышымен көрермендерге жеткізуші. Оның бар құралы-үні мен сөзі. Ол өзі орындап тұрған туынды мазмұнын әсерлі мақамымен соншалықты жанды картина іспетті тыңдаушылардың көз алдына елестетеді. Сөз өнері қазақ топырағында ертеден қанат жайғаны халқымыздың әдебиет, мәдениет тарихында мәлім. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің алуан түрлерін жыраулар, ертегішілер арттағыға қалдырып отырған. Ауыз әдебиетінің шығармаларын, эпостық жырларды мән-мәнерімен нақышына келтіріп орындау дәстүрі «сахнада» көркем сөз оқу өнерінің алғашқы көрінісі. «Бізде дайын халықтық репертуарды орындау өнері де үлкен орын алған. Орындаушылар қатарына ірі эпостық дастандарды жаттап айтқан жыраулар да қосылады. «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбайлар айтқан, «Қырымның қырық батырын» Мұрын жырау, «Манасты» Саяқбай жырлағанды. Бұл орындаушылар ұлы актерлер қатарында аталулары керек. Жыраулар ғажайып дастандарды кейінгі ұрпаққа жеткізе отырып, орындау өнерінің де классикалық үлгілерін жасаушылар, эпостағы хикаяны әңгімелегенде, ондағы толып жатқан адам мінездерін де қоса ойнаған. Олар бірге диалогпен сөйлесе, бірде монологтарды соғып кетеді».Осының бәріне лайықты үн сазын, келісті ырғағын, дауыс нақышын да тапқан нағыз табиғатынан дарынды болып туған көркем сөз орындаушылары десек те болады. Бүгіндегі көркем сөз оқу өнері театрдың туып, дамуымен тамырлас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *