Үйде жұмыс қылғанда саламаттық сақтау үшін

Міржақып Дулатов

Үйде жұмыс қылғанда саламаттық сақтау үшін
1. Жұмыс қылғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.
2. Жазу үшін отырғаныңда астыңдағы орындығыңның алдыңғы шеті үстелдің астына 2-5 сантиметр (бір-екі елі) кіріптұрсын. Жазғанда тік отыр, көкірегіңмен үстелдің шетінкидірмелеме.
3. Үстелге отырғаңда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдіңүстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса, үстінекөпшік я бөтен нәрсемен керегінше биіктет.
4. Үстелге отырғанда табаныңды жерге я еденге тегіс тигізіптіреп отыр. Аяғың жерге (еденге) жетпесе, табаныңның астына тақтай (сандық, жәшік) қойып отыр.
5. Үстелде отырғанда аяғыңды орындықтың астына қарайбүкпе, не болмаса бір аяғыңның үстіне бір аяғыңды салыпайқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі жағы тік тұрсын.
6. Орындықтың үстінде тік отыр, арқаңды орындықтыңарқасына таяп сүйеп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе.
7. Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдіңүстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып керегінде ілгеріжылжытып отыр.
8. Жазатын кағазыңды оң жақка тамандау қарсы алдыңа сал.
9. Оқығанда орындығыңды үстелге аз-кем кейіндеу қойыпкітабыңды екі қолыңмен ұста, кітаптың төменгі жағы үстелгетіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын. Оқығанда кітабыңның бетінен көзің ең кем болғанда 2-3 сантиметр (екі сүйемдей) қашық болсын.
10. Орындықта отырғанда киімің орындықтың астында бүктеліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпет киюі керек. Қыз балалар орындықка көйлектерін тегістеп бүктесінсіз қылып отыруы керек. Отырып алғасын астыңдағы көйлегіңді дұрыстаймын деп қолыңмен тартқыштама.
Дененің саулығын сақтау үшін
1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, күннің сәулесі (шуағы) көптүссін, саламаттықты сақтау үшін таза ауа күннің шуағы өте қажетнәрсе.
2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегінді,арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнпісті боласың.Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
3. Жылы мезгілде бос суға көбірек шомыл. Ең артығыкүннің шуағынан жылынған суға түсу, шомылуға қолайлыуақыт сәске мен намазгер (екінді). Тал түсте күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып ятерлеп тұрып суға түспе. Терлеген дене жылдам салқындайды, суықтез тиеді. Шешінісіңмен басыңды сула да суға түс. Суға жүгіріп келіп қарғып , я секіріп түспе. Суға кетіп қалуға мүмкін. Су ішінде бірорында тұрма, отырма, жүз, жүр, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі дененді сүртіп құрғат. Киініп алған соң жылынғанша қыдыр, жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Әлсіз, аурудан әбден айыққан адамға тымық, жылы күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден ұғып ал. Осы шарттарды елемегендіктен адам баласы түрлі бақытсыз уақиғаларға душар болады.
4. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен, жеген сайын және де ертелі кеш аузыңды тазалап шайқа. Аузыңды таза ұстасаң тіс аурудың көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңдімәсуекпен(тіс тазалағыш) жақсылап тазала.
Ең болмағанда тісіңді күнде ертемен бір тазала, мәсуектің қышы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Көне періштенжасалған тіс тазалағыш қолдануға жарамайды.
5. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (жүр, ойна, жүгір)…
6. Өте жылы киінбе, басыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
7. Денеңді тар киім, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа. Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын)өкшесі жалпақ аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.
8. Киімің әсіресе шұлғауың, байпағың (шұлығың) суланса, шапшаң шешіп тастап, құрғак киім ки.
10. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан , әсіресе тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба.Уыттаған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма, арақ, боза есірткіш
нәрселерге жолама. Шикі я шала піскен етті, жемісті жеме.
11. Ерте жат, ерте тұр. Оянғансын төсекте тыраңдап жатпа. Оянысымен төсектен тұрып кет. Оянысымен төсекті тастамаған кісі ететін жұмысын көңілді болып бастамайды.
12. Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыстап ұйықтай алмайды.
13. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы түссіз қатты ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады. Сондықтан саулық сақтау ғылымы саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады» деп бұйырады.
Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты-жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаларға сегіз сағат, үлкен кісіге алты-жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнәр (апиын) жеме диуана боласың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *