Қ.Мырза Әли

Қ.Мырза Әли

Адамның бір аты — пенде.

Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу көп қиын.

Өзің қандай болса, өмір сондай.

Қателіктен қорыққан да қателік.

Баланың тентектігін қойдырамын деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме.

Қыздың көркі — кигені,
Жігіттің көркі — сүйгені.

Ар бар жерде байлық жоқ.

Алаяқтарға сен емес, сенің мансабың қымбат.

Жамандықтың қаруы жеті есе көп.

Жетіспейтін нәрсе көп, соның бірі — әділдік.

Бақыт ылғи кешігіп жүреді.

Үру — иттің міндеті.

Көрсоқырға таяғынан қымбат жоқ,
Қаңғыбасқа аяғынан қымбат жоқ.
Хас сұлуға ажарынан қымбат жоқ,
Қарақшыға қанжарынан қымбат жоқ.

Мықты болсаң, алдағыны басып оз.
Мықты болсаң, арттағыға жеткізбе.

Өмір — уақытша, өлім — мәңгілік.

Адам болу — өзіңе-өзің ие болу.

Жалғыз баланы бағу қиын,
Жалғыз қатынға жағу қиын.

Үміт қанша жасаса, адам сонша жасайды.

Жұмысбасты адамның жамандық жасауға уақыты жоқ.

Еңбекқор адамға сөз тимейді, көз тиеді.

Түк тындырмайтын әкімнің орынбасары көп болады.

Бір күн жұмыс істемесең, бір күн өмір сүрмедім деп түсін.

Ұсақ-түйекпен өзі ұсақ адамдар шұғылданады.

Ертеңге сенбе, еңбегіңе сен.

Байлық баянсыз, бақыт баянсыз, еңбек қана баянды.

Байлық машақатын ерте жүреді.

Парығы жоқ оқу —
Жарығы жоқ шам.

Кішіпейілділік — кемеңгерліктің бірінші белгісі.

Сен ақшаны түзете алмайсың, ақша оп-оңай бұзады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *