ҚҰТЫП

ҚҰТЫП

Ойлы сөз − ұтқыр, ойсыз сөз − жұтқыр.
***
Қазасы жеткен елік тұзаққа өзі барып түседі.
***
Жыланның сырты − сұлу, іші − у.
***
Бал қайда болса, ара сонда.
***
Шадыман шақ шапқан желдей тез өтер.
***
Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.
Үміт соңы − ажал.
***
Адам істерінің астарында ажал бұғып жатады.
***
Қанша ел болды халқы жатқан сыйыспай,
Бәрі кетті − жері қалды қуыстай.
***
Көрге жалғыз кіресің.
***
Өмір тәтті − бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы − ертең тастап кеткенде.
***
Дөңгелек нәрседен жүзік соғу оңай.
***
Сақпанды ата білмеген өз басына тигізеді.
***
Құдықты көздеуі бар жерден қаз.
***
Темірді жайлап иер болар.
***
Бұлт шықса, бағбан бақшасын ойлайды.
***
Оқ нысанаға ғана атылады.
***
Пеш ысыса, нан күйер.
***
Қазан көп қайнаса, ас бұзылады.
***
Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды.
***
Дем алу үшін − алдымен еңбек ету керек.
***
Қабырғаның да құлағы бар.
***
Гауһар жоғалмасын десең, сенімсізге сеніп тапсырма.
***
Төзімді тілегіне жетеді.
***
Шатысқан істің шешімі − шыдам.
***
Ақырын жүрген алысқа барады.
***
Үйдің іргесі берік болсын десең, асықпай қала, қабырғасын.
***
Ішер судың да шамасы бар: артық − зиян.
***
Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.
***
Шам маймен жанады: көп май құйсаң, өшіп қалады.
***
Ойлы адамға нақыл сөз ұнайды.
***
Бақыт бір жерде тұрмайды.
***
Малы көптің − қайғысы да көп.
***
Арпа берген кісіге есек үйір.
***
Тұзы аз дәмнің татымы болмас.
***
Тәуіптен ауруыңды жасырмағайсың.
***
Көп ауру кер аузынан қайтады.
***
Ойлай білген ер − көзсіз батырдан көп артық.
***
Ауру түннен қорқады.
***
Ақыл − білімге бастар жол.
***
Құдай берейін десе, ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.
***
Біреудің бойынан кемшілік іздеме − өнер ізде.
***
Біліктіні білгені үшін сыйлайды.
***
Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.
***
Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен.
***

Шопан «құтқарьш алайын» деп тартқыласа, қасқыр «қауып қалайын» деп тартқылайды.
***
Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.
***
Кірпіге қулық жараспайды.
***
Шаян ішіне тышқан сыймас.
***
Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.
***
Көгершін үйренген жеріне қонады.
***
Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.
***
Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.
***
Қанша асықсаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.
***
Кәріге жігітшілік жараспайды.
***
Қайғы да өтеді, қуаныш та өтеді, дәурен де өтеді: тек өкініш қана қалады.
***
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі − әлі тумаған адам, екіншісі − өлген адам.
***
Бұ дүние де мыстан кемпірдей қу: тәттімен алдайды.
***
Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады.
***
Кісі үшін кісі өлмес.
Тасыған қазан − төгілер.
***
Өшетін жарық өлеусіреп тұрады.
***
Дән себілмей, астық өнбейді,
Дария буланбай, шық түспейді.
***
Сараңнан бір тілім нан сұрағанша − аштан өлген жақсы.
***
Жомарттық − жоқ атаққа жол ашады.
***
Қайғылының көзінше қарқылдап күлме.
***
Қайғы да мәңгі тұрмайды.
***
Кісі өз қолын өзі кесе алмайды.
***
Күннің бәрі − жаз емес, көңілдің бәрі − наз емес.
***
Келісіп істесе, көп іс бітеді.
***
Атып әкелген аң сыйлыққа жарамайды.
***
Елдің қарғысынан сақтан.
***
Сен бас болсаң, қызметші халқың аяғың болады.
***
Елді раймен алса− түзелер,
Қылышпен алса− бұзылар.
***
Елдің бай болуы − патшаның ниетіне байланысты.
***
Қарашасы азбас хан болмас.
***
«Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн» деп айтады жұрт.
***
Кісі жұртына күшпен келіп қонған оңбайды.
***
Күш жұмсама, қорлық іздеме.
***
Пиғылы жатпен қатар отырма.
***
Қасыңның қасына да сыр ашпа.
***
Ізгілік тілесең − ізгі бол.
***
Құрма ағашын жаратқан құдай тікен де жаратқан.
***
Қуаныш бар да − қайғы бар, құрма бар жерде − тікен бар.
***
Қазына қасында − жылан бар, бал бар жерде − ара бар.
***
Кесек атқанға − тас ат.
***
Қара жүрек қайғының не екенін білмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *