Сағат Әшімбаев

Сағат Әшімбаев

Адам бақытты болу үшін жаралған.

Туған жерге деген махаббаттан да адамның моральдық бет-бейнесі көрінеді.

Ілгерілеу жолы — ізденіс.

Творчество тәуекелге көнбейді.

Оңтайлы деген оңай деген сөз емес.

Сұлулық пен образ егіз ұғымдар: бірі жоқ жерде екіншісі де болмайды.

Күй астарында терең философиялық ойлар жатады.

Тау суындай тұнық та, мөлдір ар — адамшылықтың сұлтаны.

Кітап белгілі бір дәуірдің, уақыттың алға қойып отырған көкейкесті мәселелері туралы парасатты жүректің рухани толғанысы, андыздаған ойы, ақ шаңқан сезімі, эрудициясы, дүниеге көзқарасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *