Жомарт
Ы.Алтынсарин
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып, жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын таныстары сұрады дейді:
−Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ақша, тамақ, жалаңашқа киім, үйсіздерге үй болдыңыз; сөйтіп тұрып, өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не? – деп.
Жомарт айтты дейді:
−Төрт түрлі себеп бар: әуелгісі, әдемі ат, асыл киім, асқан сәулетті өнебойы әдет етсең, көңілге желік кіргізеді, сол желіккен көңілмен, өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі, бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін. Үшіншісі, Құдай-тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген Иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, −деді.