Биоалуантүрлілікті оқытудың маңызы

Биоалуантүрлілікті оқытудың маңызы

Қарағанды облысы Білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің
«Жезді мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі: I санатты Әлсейт Гүлмира Әлсейтқызы

Қазіргі кезде орта білім жүйесінде, оның ішінде биологияда бірінші орынға жалпы білім берудің құрылымын және мазмұнын өзгерту проблемасы бірінші орында тұр. Бұл биологиялық білімді жаңа мақсатқа сәйкес, әлемдік даму қарқынына қарай жаңашалау қажеттілігінің туындағанын көрсетеді.
Қазіргі кезде биоалуантүрлілік ғылыми әдебиеттерде кең қолданылып жүрген ұғым, халықаралық байланыс және табиғатты қорғау қозғалыстарына байланысты. Біздің планетамызда табиғатты қорғау жоғары деңгейде жүруі үшін биосфера мен экожүйе қалыпты жағдайда болу керектігі дәлелденген. Биологиялық алуантүрлілін органикалық дүниенің негізгі параметрі ретінде қаралады.
Бірқатар мемлекеттер биологиялық алуантүрлілікті мемлекеттің экологиялық саясаты негізінде қарастырады, экономикалық дамуы тұрақтылығын сақтау үшін, өзінің биологиялық ресурсын сақтауға ұмтылады. «Биологиялық алуантүрлілік» термині жарты ғасырдан бұрын қолданысқа енген. Планеталық алуантүрлілік қазіргі биосфераның балансын және оның биомассасының сақталуын қамтамасыз етеді. Сондықтан жер бетінде тіршіліктің және адамзаттың сақталуында табиғи биологиялық ресурстардың маңыздылығы жоғары болып отыр. Биологиялық алуантүрлілік тікелей экожүйе мен биосфераның тұтас тұрақты дамуына және экологиялық факторлардың өзгерісіне, бірінші кезекте анторопогендік өзгерістерге тікелей байланысты. Адамзаттың биосфераға әсерінің күшеюіне байланысты, организмнен популяциялық -түрлік деңгейге дейін және экожүйелік биологиялық алуантүрлілікті сақтау өзекті проблема болып отыр. Биологиялық алуантүрліліктің азаюы адамзатқа экономикалық, эстетикалық және моральдық қауіп тудырады. Әлемдік қауымдастық осыдан қауіптеніп биологиялық алантүрлілік конвенциясына қол қойды (Рио-де-Жанейро, 1992).
Қазіргі кезде оқу практикасында биоалуантүрлілік проблемасы толық жан-жақты талқыланбайды. Білім алушылар планетамыздың және Қазақстанның биоалуантүрлілігі жөнінде, тірі организмдердің биосфералық функциясы, олардың қоршаған ортадағы және экожүйедегі маңызын, биалуантүрлілік табиғаттық керемет құбылысы, тіршіліктің тұрақтылығына тәуелділігі жөнеде түсініктері жеткіліксіз. Биоалуантүрлілік ұғымы биология курсының «өсімдіктер» бөліміне ендірілген. Өсімдіктер әлемі-биосфераның негізгі компоненттері, күн энергиясын қабылдап, жер бетінде биоорганикалық заттарды синтездейді. Жеке аймақтағы және планетадағы өсімдіктер жамылғысының жағдай тұтастай биосферадағы зат және энергия балансына тәуелді.
Мұнан биоалуантүрлілік ғаламдық экологиялық және қоршаған орта мәдинеті жөнінде түсінікті қалаптастыру мен негізгі мектептердің биология курсында биоалуантүрлілік жөнінде алғашқы ұғымды қалаптастырудың әдістерінің жоқтығы арасында ғылыми-педагогикалық қарама-қайшылық туындайды.
Биологиялық алуантүрлілік проблемасы құндылығымен соңғы жылдары өзіне ғалымдардың назарын аударуда. Биологиялық алуантүрлілік термині ХХ ғасырдың екінші жартысында ЮНЕП басқару кеңесінің шешімімен 1992 жылы биоалантүрлілікті сақтау біртұтас құқықтық міндет ретіндегі халықаралық келісім шеңберінде қабылданды.
Одан бұрын 1986 жылы АҚШ-та аталған проблема бойынша фору өтілген, ал 1989 жылы Ресей мен АҚШ-тың Ұлттық академиясы арасында «Биологиялық алуантүрлілік» бағдарламасы жасалынып, бірлесіп зерттеу жөнінде келісі-шарттқа қол қойылды.
Қазіргі кезде «Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі конвенцияға» 180 мемлекет қол қойған, оның ішінде Қазақстан да бар.
Терминге бірнеше түсініктеме берілген, бірақ олардың көпшілігі ұғымның нақты мағанасын ашып көрсете алмайды. Негізінде биоалуантүрлілік ғылыми анықтама емес, сондықтан нақты жағдайға қарай түсініктеме беруге болады.
В.Н.Сукачевтың түсінігі бойынша биологиялық алуантүрлілік экожүйенің энергия және зат алмасуында процесінде маңызды роль атқарады: энергия және затты тасмалдау қызметі атқарады.
Жер бетінде биологиялық әралуандылықты сақтаудың ғаламдық мақсаты зерттеушілердің алдына оны жан-жақты бағалауды міндеттейді, осыған байланысты сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеу өзекті мәселе, түрдің биологиясын, популяция тіршілігін, өмір сүру ерекшелігін жан-жақты зерттегенде ғана сирек өсімдіктердің ценопопуляциясын қорғаудың жолдарын ұйымдастыруға болады. Сондықтан жекелеген аймақтардың табиғи қоршаған орталарына кешенді талдау жасау арқылы, қорғау шараларының бағыттарының моделін жасау қажет.
Биологиялық алуантүрлілік – тіршіліктің экологиялық жағдайын сақтау негізі және адам қоғамының экономикалық дамуы, сондықтан ол әлемдік жетістік болып табылады. Әлемдік биоалуантүрлілікті сақтап қалуда тиімді іс –шараларды ұйымдастырып жүзеге асыру қажет екені анық. Бұл проблеманың бастапқы және үлкен практикалық маңызы тірі ағзаларды ұйымдастырудың барлық деңгейіндегі түрлі методологиялық аспектісін зерттеуді қажет етеді.
Флораның тұрақтылық деңгейі флорогенездің жүруінің табиғи жолын бұзатын факторларға байланысты, бұл процесс нәтижесінде түрлі деструктивті факторлар әсеріне төзімсіз түрлер қалып қояды. Бұлардың қатарына жасанды (антропогенді) және табиғи түрлер жатады, олардың әсерін жекелей өсімдіктермен қатар олардың қауымдастығыда сезінеді. Жекелеген түрлердің санының азаюы тарихи себептермен де жүруі мүмкін. Эволюция барысында бір түрлер екінші түрлермен ауысып отырады. Нақты бір флораға талдау жасау әр түрлі жағдайда қандай өзгерістер болатынын түсіну , биоалуантүрлілікті көтеру үшін қандай шаралар қолдану керектігі, жергілікті аймақтағы өсімдік популяциясын қолдау және көтеру үшін қосымша материалдар жинауға көмектеседі .
Бұл проблеманы шешудің ең алғашқы бастамасы болып Қызыл кітаптың шығуы болып табылады, ол сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізімін жасау және оларды қорғаудың ғылыми бастамасы, экологиялық негізі болып табылады.
Қызыл кітапты құрастырудағы негізгі мақсат қорғауға жататын түрлерді анықтау болып табылады. Ол тізімге популяция саны күрт азайған өсімдіктер, бірнеше географиялық аймақтарда ғана таралған және ең сиреп кеткен түрлер енгізіледі. Түрлі көрсеткіштеріне қарап сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктердің бірнеше шкаласын анықтау жұмысы енгізілді. Онда түрлердің ареалы, саны, кездесу жиілігі, тіршілік ету жағдайы, шаруашылық маңызына сипаттама беріледі. Көп жағдайда қорғауға алынған өсімдіктердің қазіргі ареалы және факторы олардың тіршілігін шектеуі жайлы нақты мәлімет жоқ . Ол өз кезегінде оның санының қалпына келтіру жолын табуды қиындатады. Жойылып бара жатқан түрлерді анықтау үздісіз жүргізілуі керек, ол осы түрге жататын өсімдіктер табылған кезде белгіленуі керек.
1977 жылғы МСОПР мәліметтері бойынша әлемдегі сирек және жойылып бара жатқан түрлердің саны 34 мың болды. Қазіргі есептеулер бойынша бұл сан 100 мыңға жетті.
Биоалуантүрлілік туралы аймақтық мазмұнды, биоалуантүрлілікті сақтау мен зерттеудің ғылыми негіздерін ЖОО-ның биология курсына енгізудің жолдарын қарастыру қажет. Себебі, бұл білім табиғатты қорғау қызметінің ғылыми негізін құрайды және әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін қалыптастыруда жетекші рөлді атқарады.
Жергілікті оқыту тәжірибесін, білім алушылардың білім сапасын ескере отырып талдау жасасақ, жалпы және аймақтық биологиялық алуантүрлілік туралы білім деңгейі жоғары емес деген тұжырым жасауға болады. Білім беру саласында білім алушылар аймақта таралған не қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктерін түрлері, облыс аймағында орналасқан қорықтар мен қорықшалар, жойылып бара жатқан түрлерді қорғауға бағытталған іс-шаралар туралы толыққанды ақпараттар білмейді және популяция-эволюцияның бірлігі, табиғи сұрыпталу процесі, бейімделушілік, биосфераның тұрақты дамуының негізгі шарты болып табылатын биоалуантүрлілік туралы білімін ғылыми негіздей алмайды.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қазіргі таңда, биоалуантүрлілік ғаламдық экологиялық және қоршаған орта мәдениеті жөнінде түсінікті қалаптастыру мен биология курсында биоалуантүрлілік жөнінде алғашқы ұғымды қалаптастырудың әдістерінің жоқтығы арасында ғылыми-педагогикалық қарама-қайшылық туындайды және аймақтық биоалуантүрлілік ұғымын қалыптастыру қажеттігілігі туады. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы.
Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы және т.б енген. Экологиялық және ауылшаруашылық бағыт бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл ел» және «2005-2007 жылдарға арналған ақ бөкендердің және жоғалып жатқан және сирек жабайы тұяқты жануарлар түрін сақтау және қайта көбейту» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Елде, биологиялық сан алуандықты сақтауда және экологиялық білімді артыруда және биоресурстарды тұрақты қолдануға қолдау жасау бойынша мықты мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда. Биологиялық ресурстарды қолдану және қорғау саласында ұлттық заңнама бар. Ол Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөнінде», «Жануар әлемін тиімді пайдалану және қайта орнын толтыру, қорғау жөнінде», «Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жөнінде» Заңдарында негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Неронов В.М. Перспектива создания международной системы монито-ринга биоразнообразия в рамках программы «Диверситас» // Экология. -1997. №2-С. 153-158.
2. Мониторинг биоразнообразия / Под ред. В.Е. Соколова, Ю.С. Решетни¬кова, М.И. Шатуновского. — М., 1997. — 375с.
3. Биоәртүрлілік туралы Конвенцияны бекіту туралы ҚР МК 1994 ж. 19- тамызындағы № 918 қаулысы.
4. 55.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии. М.: Просвещение, 1985.- 191с.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *