Балаларды оқуға ынталандыру тәрбиесі туралы
Жүсіпбек Аймауытов
Кім де болса, өз баласының үздік оқушы болуын жақсы көреді. Бұл заңды да, солай болуға тиісті де. Бірақ балалардың бәрі бірдей үздік оқушы бола бермейді, тіпті өте нашар оқитын, бір сыныпта екі жыл отыратын бала да болады. Осындай нашар оқитын балалардың ата-анасы, көп реттерде баласының артта қалуын не мұғалімнен көреді, не баланың өзінен көреді. Баланың жақсы оқуын оның оқуға деген ынтасына байланысты екендігін олар ескермейді. Бала неғұрлым оқуға ынталы болса, солғұрлым оқуды да жақсы оқиды. Бірақ кейбір ата-ана:
— Менің балам мектепке бармастан бұрын пысық, айтқанды тез аңғаратын бала еді, мектепке барғаннан бері «керікетті» — деп мектепті кінәлайды.
Ал, бағзы бір ата-ана баласының оқуды жақсы оқи алмағандығын оның «жаратылысынан қабілетсіз, зейінсіз туғандығынан» көреді. Мұндай ата-аналар әдетте:
— Меңіреу, кеще, айтқанды ұқпайды, — деп баланың еңсесін түсіріп, тауын шағып, мүлдем жасытып жібереді.
Мектепке түскеннен кейін де бала жақсы оқу үшін үй тәрбиесіне ділгір болады. Ал осы тәрбиені беретін оның ата-анасы. Ата-ана ең алдымен осыны айқын ұғулары керек.
Оқуға ынталы бала мұғалімнің айтқанын барлық ықыласымен тыңдайды. Білмегенін білуге тырысады, өзінің оқыған дәрісін жақсы ұғып алады. Жалпы айтқанда, үлкен ынта қойып оқиды. Мұндай бала, әрине, жақсы, үздік оқушы болып шығады.
Ал кейбір балалар оқуға «лажсыздан» келеді, сыныпта «сабаққашан бітер екен» деп соныойлап отырады. Ендеше, бұл балада оқуға деген ешқандай ынта жоқ. Ол өзін «зорлықпен оқып жүрмін» деп ұғады. Әрине, мұндай баланың сабағын білмеуі, үйге берген тапсырманы орыңдай алмай келуі сөзсіз де, заңды да.
Сондықтан да баланы оқуға ынталандырудың зор маңызы бар. Рас, балалардыңүйіштері, ата-аналары балаларының үздік оқушы болуын жақсы көреді, бұл жөніндегі өзінің қолынан келген көмегін де аямайды. Балалары жақсы оқу үшін түрлі әдістерді де қолданып бағады. Бірақ көп реттерде олардың қолданған әдістері жақсы нәтиже бермейді.
— Жақсы оқысаң, оқуды тез бітіресің… Ал оқуды тез бітірсең, үлкен қызметкер боласың, ақшаны көп табасың… — деген сияқты сөздерді айтады. Сөйтіп, баланы ғылым, өнер-білім иесі болуға, халыққа қызмет ететін, не саналы, білімді болуға үгіттеудің орнына оқуға теріс көзқарас туғызатын саяз мағыналы, теріс түсінік береді.
Қорыта айтқанда, балаларды оқуға ынталандыру, оларды өнер-білімге қызықтыру, еңбекке баулу, балаларға мектепте ғылым негіздері оқытылатынын ұғындыру арқылы тәрбиелеуге болады. Атақты ғалымдардың, өнерпаздардың кім болғанын, қалай оқығанын, кейін қандай өнер иесі болғанын баланың ұғымымен сыйымды етіп, қысқа түрде әңгімелеу арқылы, тағы басқа осылар сияқты әр алуан әдістерді қолдану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Мұны әрбір ата-ана да, оқытушы да жақсы түсінулері керек.
Осыған байланысты мінез-құлықты түзеу тәрбиесі туралы бір-екі ауыз сөз айтуға тура келеді. Баланың мінез-құлқын түзеу – өте маңызды, өте жауапты жұмыс. Бұл педагогикалық шеберлікті де, төзімділікті де, сақтықты да, ойлануды да керек етеді.
Мінез-құлықтағы кемшіліктерді түзейтін құрал – орта, жұртшылық, жолдастар, коллектив. Мәселен, тұйық, дарашылдықты жақсы көретін баланы көңілді, шат мінезді, көпшіл балаларға қоса отырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру арқылы түзеп алуға әбден болады. Оқушылар коллективі оқытушылар ойдағыдай басшылық етіп отырған жағдайда өз мүшелерінің мінез-құлқын дұрыс қалыптастыра алады…
Жеті жасар балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының өзгешелігі
Біздің елімізде жеті жасынан бастап, мектеп қабырғасында тәрбиелене бастайды. Соңдықтан балалардың ата-аналары тәрбиешілері мен мұғалімдері жеті жасар балалардың дене құрылысыңдағы, мінез-құлқындағы өзгешеліктерді жақсы білуі керек. Балаларды дұрыс тәрбиелеуде ата-анасы мен мұғалімдер үшін мұның үлкен көмегі бар. Бірінші күннен бастап, баланың күшті нашар жақтарын бақылау, зерттеу керек.
Ол үшін мына мәселелерді күнделікті қадағалап отыру жөн:
Баланың сабаққа керекті жабдықтарды түгеңдеп алып, оларды ұқыптап ұстауы.
Баланың сабақ үстінде оқу кітаптарын, жазу құралдарын жинақы ұстап, оның әрқайсысын керек кезінде ғана пайдаланып, керек болмайтындарын партаның ішінде сақтағаны жөн.
Баланың мектепке келгенде таза киініп, жуынып келуіне, сабаққа кешікпей келуіне, мектепке келгеннен кейін партада дұрыс отыруына мұғалім өте зор назар аударуы керек. Мұғалім сонымен қатар баланың сабақ арасындағы үзілістен кейін, қоңырау соғылғанда кешікпей, дереу класқа кіруін әдеттендіруге баса көңіл бөлуі қажет.
Оқытушы баланың жасына лайықты оқу материалдарын күні бұрын даярлап алуы керек. Мәселен: жаттайтын өлең, айтатын әңгіме, салатын сурет тағы басқа үйрету құралдары.
Дағды, әдеттің басты-басты түрлері осы айтылғандай жұмыстардан құралады. Бірақ осыларды бала өздігінен біліп, әдет қылып кету үшін, алдын-ала арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізу керек, онсыз бала әдеп-тәрбиемен қалыптаспайды.
Көрсетілген жатгығуларды балалардың барлығы бір мерзімнен бастап тырысып істесе, бұл баланы қоғамшыл, көпшіл дәстүрге баулуда алға басқан ірі адым болып саналады. Сонымен қатар баланың ынта-жігерін арттыра түседі.
Баланың қоғамнан бейтарап болмай, белгілі бір мақсатқаөз жолдастарымен бірге ұмтылуына жағдай жасау керек.
Егер де мектеп ережесі мен мұғалімнің тәрбиесінен оқшауланған бала болса, немесе ызақор, өзімшіл, томырық, ашуланшақ болса, тазалык, денсаулықсақтау жөнінен олқылықтары сезілсе, әрине баланың үй-ішімен байланыс жасап, бұл әдетін қойғызу үшін тереңіректексеріп, оймен, жоспармен іс қылу керек.