А.Байтұрсынов тағылымы
Адамға ең қымбат нәрсе — жұрт қамы, жұрт ісі.
Сөздің ең ұлысы — тарих.
Білімнің бас құралы — кітап.
Ғылым мен өнер көбейген сайын бейнет кемиді.
Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
Алушы да, беруші де өзіне жағымды жағын іздейді.
Әркім өз білгенін, өзінің қолынан келетінін істеу керек.
Көсемдер көбейсе, ерушілер де көбейер еді.
Ғылым мен өнер елсізді елдіге, жоқты барға теңгереді.
Білім көп адам құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді.