Адамға тіршілік не үшін керек?
Ы. Алтынсарин
«Айқаптың» өткен жылғы №3 нөмірінде Шәкәрім мырза бес ауыз сөз жазып, жауап сұрады, сол бес ауыз сөзінің екіншісінде «Адамға тіршілігінің керегі не үшін» деді.
Бұл сөздің шешуін тауып, лайықты дәлел келтіру оңай іс емес.
… Не үшін бізге тіршілік керекдеп білеміз?
Бұл тарауда қазақтың бұрынғы заманындағы қариялары, ойшылдарының айтып кеткен сөздерінің ішінен жауап табылама деп ойлаймын. Бұрынғыдан қалған сөздердің мағынасы көп, ойлары терең болушы еді, бұрынғылар: «Жақсылықты басыңа кыл, басыңнан асса, досыңа қыл» деген екен. Осы сөзден Шәкәрім мырзаның жоғарыдағы сөзіне жауап табылады десек, қате болмас дейміз…
Қандай адам жақсы кісі болмақ керек.
Сондай адам жақсы, кімде-кім жетім, жесір, кәріп қараң, қысылған, қымтырылғаңдарғажақсылыққылып, оларды қуантып қойса. …Біздің қазақ арасында жақсыларымыздың бар ойлағаны ел билеп хәкім жүргізу. Ел билеу деген теріс болмас еді, елге пайда келтіретін болса, билеріміз қара қылды кақ жарған әділ болса, болыстарымыз жұрт қамын жеп сөзін сөйлеп қорған болса, сонда болыстық, билік, жақсы бір дәреже деп масаттанар еді. Ел ішінде көреміз, жақсыларымыздың істеген көп жақсылықтары «индеецтің» жақсылығы секілді.