Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс

Оқулығымның келесі екінші тарауына тоқталатын болсақ, ол Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс. Бұл тараудың өзі жеті бөлімнен тұрады. Олар: өзіміздің кистімізді жасау, градиент құралын пайдалану, History Brush фильтрінің қолданылуы, объектіні жұмыс үстелінің ортасына орналастыру, каналдар және маскалар, түстік түзетулердің негіздері, пернетақталық қысқартулар. Енді фильтрлердің қолданылуын айтып кетейін, яғни ол қалай қолданылады және оның қызметі туралы.
Photoshop программасының құрамына мынадай палитралар кіреді. Бұл палитралар жұмыс терезесінің оң жағында бір-біріне бірігіп көрініп тұрады. Ал көрінбей қалған жағдайда оларды ашу үшін терезе менюіндегі … көрсету командасы тұрады.
1. Navigator (навигатор) палитрасы көріністі масштабтағанда және оның жұмыс терезесіндегі орнын ауыстыруын басқарады.
2. Info (инфо) палитрасы экранға берілген көріністің ерекшеленген жерін және басқа нүктелерді геометриялық, түсті түрінде шығару үшін қолданылады. алитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде қолданылады.
3. Colors (синтез) палитрасы – бұл палитра программаның алдыңғы және артқы түстерін синтездеуге арналған. Бұл палитра құрамына екі контекстік меню кіреді: 1) негізгі меню палитрасы – ол терезенің оң жақ бұрышындағы қара үшбұрыш түймені шерткенде ашылады. 2) түсті синтезатор менюі – ол тышқанның оң жақ түймесін басқанда ашылады.
4. Swatches (каталог) палитрасы – бұл палитрада программаның алдыңғы түстерін синтездеуге арналған. Бірақ бұған палитра терезесінде орналасқан кітапхана нұсқасы қолданылады.
5. Brushes (кисть) палитрасы – бұл палитра кез келген 15 салатын құралмен локальді түзету көрінісінің өлшемі мен пішінін таңдауға арналған.
6. History (события) палитрасы – бұл палитра ашылған құжаттармен жұмыс этап аралығында фиксация жасауға көмектеседі. Тышқанды шерту арқылы кез келген бейнеге өтуге және оларды жоюға болады. Жұмыс істеп жатқан бейне қара түспен беріледі. Әрбір жазу палитрада операция атымен (таңдалған инструмент аты) және сол жағында инструменттің суретімен тұрады. Палитраның ең төменгі жағында 3 түйме орналасқан: 1) Greate new document from current state (жаңа құжат құру) түймелі жаңа құжат құрып, оны жаңа терезеде ашады. 2) Greate new snapshot (жаңа сурет құру) кнопкалы snapshot 1 атты сурет құрады, бұл жерде 1-реттік номер. 3) Delete current state (жою) кнопкалы барлық командаларды жояды.
7. Eayers (слой) палитрасы – бұл палитра көп қабатты көрініс жасауға және қабатпен әртүрлі операция жасауға арналған.
8. Path (контуры) палитрасы – бұл палитра растрлік көрініспен жұмыс кезінде қосымша векторлық нышан түрінде болатын безье контурымен жұмыс жасау үшін арналған.
9. Options (параметры) палитрасы жұмыс құралдарын түзету кезінде қолданылады. Таңдаған құралға байланысты палитра аты және құрамы өзгереді. Осындай құралдармен жұмыс кезінде 4 палитра қолданылады. Олар: эллипсті ерекшелеу, кисть, заливка және художественная кисть событий (artkist history).
Мұнда Adobe Photoshop программасындағы құралдармен жұмыс істеу кезінде осы құралдардың көптеген мүмкіндіктерімен танысамыз. Яғни, олармен жұмыс жасау кезінде әрқайсысының қандай қызмет атқаратынын көріп, олардың жасаған әрекеттеріне көз жеткізу. Осы саймандар панелімен жұмыс істеуге бірнеше мысалдар көрсеттім. Оның оқулығымдағы көрінісі мынадай:

 

 

 

 



Енді осы тараудың бірінші бөлімінде оның қандай құралдар жасай алатынымызды айтып кетейін. Мысалы, өзіміздің кистімізді жасау деген бөлімінде кисть дайындауға болады. Ол үшін:
1. 100×100 пиксельді өлшемде жаңа файл құрамыз және кисть тізімін
ашамыз (Window-Show Brushes).
2. Екі түсті қылып алуды ұмытпаймыз (Image — Mode — Grayscale) және
Filter — Noise — Add Noise фильтрін қолданамыз (Monochromatic-
белгілеу қоямыз) және бірнеше рет қайталаймыз CTRL+F пернелер
комбинациясымен.
3. Жұмсақ шеттерімен кисть «қаттыларына» қарағанда пайдалырақ
болады. Жұмсақ шеттерін жасау үшін центрден тік төртбұрышты
ерекшелеу қажет, содан кейін Select — Feather және Select — Inverse және
ерекшеленген аймақты ақ түспен бояу қажет.
4. Кисть болған кескіннің аймағын ерекшелеу, кейіннен қара стрелканы
басу және шыққын менюден Define Brush-ты таңдау. Құрған кисть
жиынға қосылады.
Save Brushes-ті басқанда дәл сол мезеттегі қосылған барлық кистьтер сақталады.
Photoshop-та түсті каналдардан басқа каналдың тағы бір түрі альфа каналдар бар. Онда сақталған, ерекшеленген облыстар(маскалар) болады. Маскалар бейненің бір бөлігін жасыруда немесе фильтрлерді қойғанда оларды қорғауда тағы басқалары қолданылады.
Альфа-канал – бұл қажет жағдайда оны шақырып жұмысты жалғастыруға болатын, ерекшеленген облысты өзінде сақтайтын қосымша канал. Альфа каналда сақталған маска қара түспен, ал ерекшеленген облыс ақ түспен көрінеді. Photoshop-тың графикалық файлында 24-ке дейін альфа-канал болады. Альфа-каналдар баспаға шығарылмайды. Каналдар туралы мәліметті TIFF және PSD форматтағы құжаттарда сақталады. Альфа-каналдармен жұмыс істеуде каналдар палитрасы қолданылады. Ерекшеленген облысты альфа-каналда сақтау үшін:
1) альфа-каналда сақталуы тиіс облысты ерекшелеу.
2) Каналдар палитрасында “ерекшелеуді канал ретінде сақтау” функционалдық түймесін шерту. Ерекшеленген облыс Alpha 1 атауымен жаңа альфа-каналда сақталады.
Кей кезде маска түсі бейне түсімен сәйкес болып қалады немесе маска мөлдірлігі төменгі пайызда болады. Бұл бейнемен жұмыс істеуді күрделендіреді. Альфа-каналдарының параметрлерін өзгерту үшін каналдар палитрасындағы альфа 1 қатарын 2 рет шертіңіз. “Канал параметрлері” сұқбаттық терезесі ашылады. Мұнда каналдың атын ауыстыруға, қажетті режимді таңдауға, қажетті түсті және мөлдірлікті таңдауға болады.
Альфа – каналда сақталған масканы кез келген уақытта ерекшеленген облыс түрінде жүктеуге болады. Ол үшін қажетті альфа-каналды белсендіріп, каналдар палитрасындағы екінші функционалдық түймені (каналды ерекшілеу ретінде жүктеу) шерту немесе Сtrl-ды басып тұрып, альфа-каналдың атауына басып тұрып тышқанның сол жақ түймесін шерту.
Альфа-каналды сақталған, ерекшеленген облысты әрқашанда қалам және қылқалам сурет салу құралдарымен редактрлеуге болады. Егер маскаға ақ түспен салса, онда облыс ауданы кішірейді, ал қара түспен салса үлкейеді. Альфа-каналды өшіру үшін каналдар палитрасындағы ең соңғы орналасқан каналды жою түймесін шерту керек.
Бұдан басқа бұл тарауда құралдардың көмегімен бейнелерге түстер беру, оның анықтылығын өзгерту, оларға фильтрлер мен режимдер қолдану, т.б. көптеген мүмкіндіктері айтылған. Олардың барлығына мысалдар келтірілген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *