Өсекшілдік өзегі
Ф.Гүлен
Өсек – дүниелік, ақыреттік ешқандай пайдасы болмаған, керексіз бос сөздерге айтылады. Бұл секілді сөз – мейлі тіліміздегі «көпіру» түрінен, мейлі бізге қажеті болмаған нәрселерден болсын, мейлі тыйым салынған нәрселер жайында баяндар болсын, өсек-аяң айтқандардың қоғамдық дәрежелеріне және өсек-аяңның жайылған жеріне қарай (газет, журнал, радио және теледидарға жайылуы секілді) адамы санасыз, халқы өресіз қоғамдардағы ауру. Исламның күнә санаған екі ерін арасындағы улы кірлер қаншалықты болса, барлығы да осы өсек-аяң арқасында өсіп-өнеді.
Сол үшін де Аллаһ Расулы бір күні бір мәселе жайында сөз еткенде, сөйлеу немесе сөйлемеуді де қоса айтқан еді:
«Аллаһ және ақырет күніне иман еткен адам көршісіне жамандық жасамасын! Аллаһ пен ақырет күніне сенген әрбір жан қонағын жақсылап күтсін! Аллаһ пен ақырет күніне иманы бар әркім не жақсы нәрсе айтсын немесе үнсіз қалсын!…» .