Қырқынан шығару. Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы, «Жеті қазына», «бір тоғыз», «үш тоғыз», «қырықтың бірі — қыдыр» деген қағидалар осы сандық ұғымнан пайда болған. Соның бірі баланы «қырқынан шығару» дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн тоған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды.