Қозы жасы – қазақта ұлды 10 жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл – еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. «Қозы жасы»аталуы да содан. Қозы жасы деп аталатын еңбектің алғаш басқышы жастарды өмірге бейімдеу, еңбектің дәмін татып, оның қиындығын сезінудің жоралғысы болып саналады. Қозы бағуды кедей балаларымен бірге бай балалары да басынан кешірген. Малды бағып-қағуды білмеген қазақ болмаған. Өйткені, қазақ балаға жастайынан қатал қарап, еңбекпен шыңдауды мақсат еткен.