Ырыс қашса, туыс қоймайды

Ырыс қашса, туыс қоймайды

Бұрын Туыс деген жалқы жігіт өмір сүріпті. Ол ойдан орады, қырдан қырады да, артып-артып, үйіне екі-үш айда бір оралып, тапқанын тастап кетіп тұрады. Алайда, дүниесі артпайды, кеми береді. Берекесі болмайды. Қасында жақын отырған бала-шағалы бір әйел көршісі бар екен. Оның ешқандай табысы жоқ, үй айналасынан алысқа бара алмайды. Сөйтсе де, тұрмысы күннен-күнге гүлдене береді. Туыс:
–Бұл қалай? – деп сұрап, Ақылға барып сынатады, кеңес сұрайды.
Ақыл:
–Бақытқа бардың ба? – дейді. Туыс бармағанын айтады.
– Ендеше, сен соған бар. Ол тентек менің айтқанымды орындамайды, бұзып жібереді.
Туыс Бақытты іздеп келе жатады да, жолдағы бір қара қосқа кіреді. Жұлым үйде бір кемпір, бір шал, бір бойжеткен ақсақ қыз отыр екен. Туыс сол үйге түстенеді де, кетерінде шал Туысқа бір аманат тапсырады.
– Бақыттан сұрай кел, қызымды қандай адамға берейін?
Туыс жүріп келе жатып, дария жағасында басы иіліп, жерге тиіп тұрған бір бәйтеректің көлеңкесіне демалады. Бәйтерек те аманат тапсырады.
–Басымды жаңа шыққан уағымнан бері жер тартып жібермейді. Бұған не амал қыламын? Бақытқа жетіп, келген жұымысын айтып болғаннан кейін Бақыт Туыстан:
–Ақылға бармадың ба? – деп сұрайды. Туыс:
–Бардым. Алайда, ол әуелі сізге бар, әйтпесе, ол менің айтқанымды орындамайды, бұзып жібереді деді, – дейді. Бақыт күліп:
– Ол рас, –дейді. Бақыт бәрін де тыңдап алып, Туысқа:
– Қайт, бара жатып, бәйтеректің басын иіп тұрған бір тұлып алтын бар, соны сен қазып ал. Сонда бәйтерек басын көтереді. Алтынның жартысын шал мен кемпірге бер де, олардың ақсақ қызын сен ал, – дейді. Туыс Бақыттың айтқандарын орындайды. Содан кейін Туыстың тіршілігі –өркендейді. «Бас екеу болмай, мал екеу болмас», «Ырыс қашса, Туыс қоймайды» деген мәтел сөздер содан қалыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *