ТӘРБИЕ БАСТАУЛАРЫ

ТӘРБИЕ БАСТАУЛАРЫ

Ұрпақ тәрбиесі қай қоғамның, қай заманның болмасын, көкейкесті мәселесі екені даусыз. Әрбір елдің, тұтастай алғанда, барлық әлемдік қауымдастықтың болашағы жастарға тікелей байланысты. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бітім — болмысы, өзіндік тағдырын айқындайтын басты ерекшелігі болады. Қазақ халқындағы перзент тәлім-тәрбиесінің ана құрсағынан басталуы өзге халықтан ерекшелігімізді, тектілігімізді көрсетеді.
Халқымызда: «Тәрбие – тал бесіктен» деген ұлағатты сөз бар. Отбасындағы ізеттілік, қайырымдылық, имандылық – бәрі балаға тал бесіктен берілетін алғашқы тәрбие. Бұл – ұлттық тәрбиенің ең озық көріністері, яғни ұлттық тәрбие дегеніміздің өзі – адамды ізгілікке тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік – халықтық тәрбиенің өзегі.
Адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйретуге баса көңіл аудару – басты парызымыз. Адамгершілік мінез-құлық пен ізгіліктен, кісіліктен, әдептіліктен абзал қасиет жоқ.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойғы тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы – мақал мен мәтелдер. Жеке тұлғалық қабілеттерді ашуда, адамның танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде мақал-мәтелдер маңызды рөл атқарады.
Ертегілерде ізгілік пен жақсылық, тапқырлық пен адалдық істер халықтың арманы, мұңы, тілегі әрбір кейіпкердің мінез-құлқы мен іс- әрекеті арқылы баяндалады.
Халықтық шығармалардың ішінде аңыз әңгімелердің ғибраттық мәні зор. Аңыз әңгімелерде адам бойындағы, жалқаулық, сараңдық туралы жаман қасиеттерді сынау арқылы ұрпақты жаман мінез-құлықтан арылуға шақырады. Халық арасында көп тараған аңыз әңгімелер Қорқыттың даналығы, көрегендігі болса, тағы біреуі Жиренше шешеннің тапқырлығына байланысты айтылады.
Халқымыздың салт-дәстүрінде бата берудің мәні зор. Бата беру арқылы сөз қадірін білуді, үлкенді сыйлауды ерекше дәстүрдің үлгісі ретінде бағалаған. Бата беруде отбасын сақтауды, жақсылыққа, ынтымаққа, жомарттыққа, татулыққа, туыстық қарым-қатынасты сақтауға негізделген тағылымы мол тәрбие ұлағаты айтылады.
Ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі ойлардың ұрпақ тәрбиесінде берері мол. Қара қылды қақ жарған әділ билерді, шешендерді халық айрықша құрметтеген. Ақын- жыраулар толғауларындағы тәлімді ойлар өміршеңдігімен ерекшеленеді. Ел бірлігін сақтау, туған жерді құрметтеу туралы толғаулар бүгін де маңызын жойған жоқ.
Терең ойға, әділетті шешімге құрылған шешендік сөз өнері Анахарсис, Майқы би − әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы − Майқы би» деген сөз бар. Майқы бидің даналығы Әйтеке би,Төле би, Қазыбек би, Бөлтірік т.б. би-шешендердлің ұлағатты сөздерінде жалғасын тапты. Елдің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын, ерлік, елдік, азаматтылық мәселелерін қоғам өмірінің ең басты ұстанымы ретінде дәріптеген Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын т.б. ақын-жыраулардың шығармалары ұлттық тәлім-тәрбие бастауларының негізіне алынады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *