МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ХАДИСТЕРІ

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ХАДИСТЕРІ

Қайырымды және мейірбан Алла атынан
Мұхаммед ғәләйһи уәс- сәламның айтқандары
1. Ғылымның өлгені − есте сақталмағаны, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені.
4. Шақырған жерге ғана бар.
22. Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол − барлық жамандықтың кілті.
32. Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын:
Нәпсіге беріліп, тура жолдан таю;
Өзін-өзі жақсы көрушілікке, сезім құмарлыққа беріліп кету;
Ғылымға, білімге ие бола тұрып, білімсіздің ісімен айналысу.
36. Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға сен қиянат жасама.
37. Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар. Бірақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды.
44. Кімді Алла сүйсе, соған адамдардың ісін түсіріп қояды.
50. Егер күнә құпия жасалса, иесіне ғана зияны тиеді. Әшкере жасалса, бәріне тиеді.
68. Адамдардың төрт түрін Алла жек көреді: ант ішкіш саудагерді, тәкаппар кембағалды, зинақор кәріні және залым патшаны.
71. Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру−сауабы тиетін қайырлы істер.
72. Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар.
81. Тіпті, Қытайдан болса да, білім алуға ұмтыл, өйткені білім алуға әрекеттену −әрбір діндардың парызы.
84. Жақсылықты қабағы ашық, жүзі жарқын адамдардан күтіңдер.
91. Бірің мен бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірбан махаббат оянады.
97. Садақаның абзалы – шөліркеген адамға су беру.
100. Кім ақылды болса, сол бақытты.
103. Ақталуға көп әуестенбе.
106. Күнәнің үлкені – Аллаға шәк келтірушілік, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу.
122. Алла бұзықтық жасаған, ұятсыз сөздерді сөйлей салатын арсыз адамдарды жек көреді.
123. Алла достарына қабағын ашпай, түксиіп қарайтындарды жақтырмайды.
125. Алла әрбір істе сыпайылықты жақсы көреді.
144. Үмбеттерім, ешқашан зиянды іске бармаңдар! Қашан да адамдар ортасындағы қайшылықты сезсеңдер, көпшілік жағына шығыңдар.
149. Ізет-құрмет әрбір адамның биік тұтар мұраты, оны әкеңдей ардақтауың керек.
195. Араларыңдағы ең күштінің кім екенін айтайын ба? Ол – ашуы келгенде сабыр сақтап, отыра алатын адам.
196. Атқарылып болғаннан кейін кешірім сұралатын істен сақтан.
197. Құлаққа жағымсыз естілетін сөзден сақтан.
203. Адамдар арасына өсек айту, жала жабу, өтірік сөздер таратудан сақтан.
223. Үйіне қонақ келмейтіндер – жақсы адамдар емес.
228. Бар бәле – тілден.
259. Жасы үлкендермен сұхбаттасып, ғұламалардан ақыл сұрап, дәрігерлермен араласып тұрыңдар.
262. Адамның таңғажайып жақсылығы оның тілінен білінеді.
282. Ар-ұят үнемі жақсылыққа бастайды.
283. Ар-ұят дегеніміз – иман.
455. Күреске түсіп жыққан адам емес, ашу үстінде өзін ұстай білген адам жақсы.
Аштарға тамақ бер, аурудың көңілін сұра, жоқтың қажетін шығар. Адам баласының басты қасиеті − ұяттылық, қиянат жасамаушылық және шыншылдық. Ұяты бардың иманы бар. Ұят − адам бойындағы ұлы қасиет. Ұят кетсе, ар төгіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *