Жігіт туралы

Жігіт туралы

Бір жігіт бар – құр жан,
Бір жігіт бар – тірі жан.
Бір жігіт бар – жігіт жан.
Құр жан дейтін жігіт – кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.
Тірі жан дейтін – бар тапқанын киім мен асқа сатар,
Жақын көрген досын жатқа сатар.
Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып,
Әркімді бір сықақ қылар;
Жігіт жан дейтін жігіт –
сегіз қырлы, бір сырлы болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *