-жар. Ұзатылатын қыз тойында қыз-жігіттер тобы – кететін қыздың көңілін аулау, бара жатқан жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңменен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, абыройлы, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Жар-жар қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар-жарды» жігіт былай бастайды:
Алып келген базардан,
Қара насыр, жар-жар-ау.
Қара мақпал сәукеле
Шашың басар, жар-жар-ау,
Мұнда әкем қалды деп
Қам жемеңіз, жар-жар-ау,
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау.
Қыз былай деп жауап қайтарады:
-Есік алды қара су
Майдан болсын болсын, жар-жар-ау,
Ақ жүзімді көргендей
Айнам болсын жар-жар-ау,
Қайын атасы бар дейді-ау,
Осы қазақ жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын жар-жар-ау!
Жар-жар негізінен ойын-күлкіге, әдет-ғұрыпқа, тәлім-тәрбиеге негізделген. Ауыз әдебиетінде «Жар-жар» айтысы, оның жалғасы «Ау жар» айтыстары бар. Оның бәрін тәрбие, әдеп мектебі деп түсіну керек.