Жала
Ф.Гүлен
Мойындаулар тек бір-екі адаммен ғана шектелмейді. Ар-ождандағы түсінік бірдей. Бірақ қорқу, тойымсыздық және қырсық-қыңырлық тәрізді кері әсерлер кейбір жандардың иманға келулеріне тосқауыл болды. Олар біле тұрса да, қасақана сенбеді. Құран Кәрім олардың осы жайын баян етіп әрі Пайғамбарымызды жұбату үшін, былай дейді:
– «Олардың айтқандары сені кейітетінін Біз, әлбетте, жақсы білеміз. Негізінде, олар сені өтірікші қатарына қоспайды. Бірақ біле тұра, қасақана Аллаһтың аяттарын теріске шығарады». (Әнғам, 6/33).
Олар саған әр түрлі ат тағып, жала жапты. Әрекеттері сені қатты мұңайтты. Абай бол! Жаман әдеттерін тастай алмай, нәпсінің құлына айналған бақытсыздардың сөздері сені кейітпесін. Негізінде, олар сенің өтірікші еместігіңді жақсы біледі. Олар саған жала жаба алмайды. Сенің жалған сөйлеуден пәк екеніңді біледі. Сенің «Әмин» (сенім) есіміңді қойған да солар. Олардың санасыздықтары сол – саған жапқан жалаларына өздері де сенбейді. Олар өздерінің не дегендерін ой-таразысына салған емес. Олай болса, мұңаюдың не қажеті бар!Ия, мұңайып қам жейтін біреулер бар болса, олар, әлбетте, екі әлемнің тізгінін қолында ұстаған нұрлы Кісінің жарығына есік пен терезесін айқара ашып тұрса да, пайғамбар жарығынан нұрлана алмай, мақрұм қалғандар ғана.