Java тіліне кіріспе
Java программалау тілі бұған дейінгі бір де бір программалау тіліне ұқсамайды. Ол компьютердегі WWW браузерлер ортасындағы жұмысты жеңілдету үшін өңделген. Java тілінің негізгі жетістіктерінің бірі болып, тек қана статикалық мәтіндермен және графикамен ғана емес, сондай-ақ әртүрлі динамикалық объектілермен де ұмыс істеуі болып табылды. Java
Тілінде программалаудың ең маңызды ерекшелігі қолданушы компьютерінің типіне тәуелді еместігі. Java аплеттері үшін бұл маңызды емес, олар Java-ны қолданушы браузер орнатлғн кез келген компьютерде іске қосылу мүмкіндігі бар бас түйінде сақталады. Java үшін өңдедің кейбір интегралданған орталарының ерекшеліктерінің бірі болып, программалау тілінің өзі сияқты, платформаға тәуелді жұмыс істей беруге болады. Java объектілі-бағытталған программалау тілі. Бұл дегеніміз мұнда жазылған программа өзара байланысты объектілерден тұрады дегенін білдіреді.
Java тілінде жазылған программа бірден қандай да бір нақты процессор командаларына тәуелді емес. Java виртуалды машинасының командалары деп аталатын машналық командаларға жинақталады. Java виртуалды машинасы дешеніміз – бұл жүйемен бірге командалардың орындалу кодтарының жиынтығы. Бірінші сатыда Java тілінде жазылған программа компилятор арқылы байт кодтарға аударылдады. Бұл компиляция нәтижесінде алынған байт кодтарды JVM-ді іске асыратын жүйесі бар кез келген компьютерде орндаға болады. Бұл кезде процессор типі, декомпьютер архитектурасы маңызды емес.
Қарапайым программа мысалы:
Экранға мынадай хабарлама шығару: «Java программалау тілін үйренеміз»
Class Hello World {
Public static void main(String[] args){
System.out.println (“Java программалау тілін үйренеміз”);
}
}
1. Барлық программа бір немесе бірнеше класстардан тұрады, берілген қарапайым мысалда тек бір ғана класс бар.
2. Класстың басы class қызмеьші сөзімен белгіленеді, одан кейін кластың аты беріледі, ол еркін түрде таңдалады, берілген жағдайда HelloWorld. Кластың құрамы түгелдей ирек жақша ішіне жазылады және кластың денесін құрайды.
3. Барлық әрекеттер ақпараттарды өңдеу әдістерінің көмегімен орындалады, қысқаша жай әдіс деп атайды. Әдістер аттарымен ерекшеленеді. Әдістердің біреуі міндетті түрде main деп аталуы тиіс, программаның орындалуы осыдан басталады.
4. Әдіс нәтижесінде әрқашанда бір ғана мән береді, оның типі міндетті түрде әдіс атының алдында көрсетіледі. Сондай-ақ әдіс біздің жағдайдағыдай процедура рөлін атқарып ешқандай мән қайтармауы мүмкін. Сонда қайтарылатын мән типінің орнына void сөзі жазылады.
5. Әдіс атынан кейін жақшада, үтір арқылы аргументтер немесе әдіс параметрлнрі тізбектеліп жазылады. Әр аргумент үшін оның типі көрсетіледі де бос орын арқылы аты жазылады.
6. Әдіспен қайтарылатын мәннің типі алдында модификаторлар жазылуы мүмкін. Public сөзі бұл әдісті кез келген жерден қолдана беруге болатынын білдіреді. Static сөзі main () әдісін программаның ең бастапқы орындалуы кезінде шақыруға мүмкіндік береді. Модификаторлар жалпы міндетті емес, бірақ main () әдісі оларға қажет. Берілген аттың жәй айнымалының емес, әдіс аты екендігінін ерекшелеп көрсету үшін әдіс атынан кейін жақша қойылады.
7. Әдіс денесі, оның барлық құрамы ирек жақшаға алынып жазылады. Мысалда main() әдісінің орындайтын жалғыз әрекеті System.out.println күрделі аты бар басқа әдісті шақырумен және оған өңдеу үшін бір аргументті, «Java программалау тілін үйренеміз» мәтіндік тұрақтыны берумен шектеледі. Мәтіндік тұрақтылар тек қана шектеушілер болып табылатын және мәтін құрамына кірмейтін тырнақшаларға алынып жазылады.
System.out.println құрама аты Java API-ға кіретін System класында println () әдісі бар PrintStream класының Java API кластарының бір данасынан тұратын, out атты айнымалысымен анықталатынын білдіреді. Println() әдісінің әрекеті әдетте мәтіндік терминалды экранға шығарумен байланысты өзінің аргументін шығатын ағынға шақырумен шектеледі. Java тілі кіші және үлкен әріптерді айырады, main, Main аттары Java компиляторының көзқарасы бойынша әртүрлі. Мысалдарда string, system міндетті түрде бас әріппен жазылуы керек, ал main кіші әріппен жазылады.
Біздің мысалда программаны ағымдағы каталогта world. Javaатты файлда сақтау қажет. Содан соң файлдың атын аргумент түрінде бере отырып, компилятор шақырлады.
Javac Hello world. Java
Компилятор байт-кодпен файл құрып оған Helloworld.class атын береді де, осы файлды ағымдағы каталогқа жазады. Одан кейін аргумент ретінде класс атын беріп интерпретаторды шақыру керек. Java Hello World
Экранда пайда болады:
Java тілінде программалауды үйренеміз