Апплеттер
Java тілі апплеттер құруға мүмкіндік береді. Java- ның негізгі жетістігі болып, желілік ортада, мысалы, Интернетте программалау мүмкіндігі болып саналады.Бұл басқа программалау ортасында браузерде жұмыс жасайтын программалар.Апплеттер жоғары деңгейдегі терезелерді қажет етпейді, оларға браузер терезесі қызмет етеді.Олар JVM жүктемейді – оларды браузер жүктейді, JVM –ді апплетті орындау үшін өзі жүктейді.
Java тілінің қөзқарасы бойынша, апплет бұл өз кезегінде panel класын кеңейтетін Applet класының кеңейтілуі.Осылайша, апплет- бұл арнайы түрдегі тақта, қосымша әдістері мен қасиеттері бар компоненттерді орналастыруға арналған контейнер.Үнсіз келісім бойынша компоненттерді орналастыру менеджері болып, Panel класындағыдай FiowLayout қызмет етеді.Applet класы браузерде жүзеге асырылған, одан басқа тек үш интерфейс қана бaр java.applet пакетінде орналасқан.Бірақ барлық браузерлер оларды толық жүзеге асыра алмайды.
JVM апплетті жүктемейтіндіктен, main() әдісі қажет емес, ол апплеттерде болмайды. Апплеттерде конструктор сирек кездеседі.Біріншіні жүктеген кезде оның контексті құрылады.Конструктордың орындалу кезінде контекст әлі қалыптаспаған болады, сондықтан конструкторда барлығы емес тек бастапқы мәндер анықталады.
Конструкторда және mamo әдісінде орындалатын бастапқы әрекеттер, апплетте Applet класының Inito әдісіне жазылады.Бұл ідңс апплет жүктелгеннен кейін бірден Java браузердің орындаушы жүйесі арқылы автоматты түрде жүктеледі. Applet класының бастапқы кодында ол келесі түрде болады:
Public void init(){}
Init ()әдісінде аргументтер болмайды, мәндер қайтармайды және әр апплетте -Applet класының ішкі класында қайта анықталуы қажет.Кері әрекеттер – жұмыстың аяқталуы, ресурстардың босатылуы – қажетті жағдайда destroy () әдісіне жазылады, бұл әдісте апплеттің шығуы автоматты түрде орындалады.Applet класында осы әдістің бос іске асуы бар.
Қосымшаның апплетке түрлену ережелері:
-қолданушыға қатысты барлық енгізу/шығару операциялары awt пакетінің көмегімен құрылған интерфейс арқылы өтуін қаматамасыз ету.Мысалы g.drawString(“Пароль енгіз”,10,10,);программаны тоқтатуға арналған барлық құралдарды өшіру( мысалы, Жабу батырмасы). Апплет өзі шақырылған браузерде парақты жабуда немесе қарау программасының терезесін жабуда өз жұмысын аяқтайды. Апплеттер System.exit() әдісін шақыруымыз керек;
-applet пакетін импорттау, негізгі терезеде Frame-нің орнына Applet класын кеңейту;
— класс клнструкторын бір ретті инициялизациялау үшін Applet класымен шақырылатын қайта анықталған init әдісімен ауыстыру керек.
-программадан main әдісін өшіру ,applet пакеті терезе құру, оның өлшемі мен көрінуін тағайындау сияқты оның функцияларын өзіне алады;
-бұл аплеттің класының файлына сілтемеден тұратын HTML-файл құру, немесе тег деп аталатын HTML-нұсқаларды дайын параққа қосу ;
Web- браузер немесе апплетті қарау программасының көмегімен HTML файлды шақыру.
Мысал1.Hello World апплеті java.awt.*;
Import java.applet.*;
Public class Hello World extends applet{public void paint (Graphics g){
g.drawstring(“Hello,XXI century World1”,10,30);
}
}
Бұл программа HelloWorld.java файлына жазылады және әдеттегідей компиляцияланады:java HelloWorld.java.
КомпиляторHelloWorldclass файлын құрады, бірақ оны орындау үшін java интерпретаторын қолдануға болмайды, өйткені енді main() әдісі жоқ.Интерпретацияның орнына браузерге апплетті жүктеуге туралы бұйрық беру керек.
Браузерге барлық бұйрықтар HTML тегтермен (tags) белгіленіп беріледі.Демек, аплетті жүктеу туралы бұйрық <applet> тегінде беріледі.Осы міндетті түрде code параметрімен, апплет класымен файлдың аты беріледі, апплеттің тақтасының ені width және биіктігі height пикселімен беріледі.Біздің апплет үшін толық
HTML мәтін:
<html>
<head><title>Applet</title></head><body>
<br>
<applet code=”HelloWorld.class”width=”200”height=”100”></applet>
</body>
</html>
Бұл мәтін файлға html немесе htm кеңейтіліуімен енгізіледі, мысалы, HelloWorld.html. Файл аты еркін түрде беріледі, ол апплетпен немесе апплет класымен байланысты емес.
Екі файлда -HelloWorld.html және HelloWorld.class-серверде бір каталогта орналасадыжәне HelloWorld.html файлы Internet-тің кез келген жерінен таьылатын браузерге жүктеледі.