Шарлотта Бронтенің өмір парақтарынан

Әдебиет сахнасында  аты  алтын әріппен қалған шебер жазушы, қарымды қаламгер Шарлотта Бронте –  1816 жылдың 21 сәуірінде Англия елінде дүниге келді. Болашақ жазушының әкесі ирландтық болған. Өмірдің ауыр соқпақтарын ерте бастан өткергеніне қарамастан, Шарлотта Бронте әлем жұрты тамсанарлық өзінің әдеби шығармаларын жарыққа шығара алды.

Тар жол, тайғақ кешулерде сағы сынбай, еңсесін тік ұстай білген Шарлотте Бронтенің өмірі нағыз қисынсыз драмалардың ордасы еді. Бұның себебі, анасынан бес жасында айырылған жас жазушы туған әкесінің барына қарамастан,  алты сіңілісімен бірге балалар үйіне тапсырылды. Интернат үйі балаларға шектен тыс талаптар қойғандықтан, Шарлотта Бронте көп қиындық көріп, ақыры, тағдырдың қатал сынына ұшырады.  Балалар үйіндегі азапты күндер жазушының санасына ізі суымас дақтар қалдырды.

Осылайша, оқырман қауымның даңқты тұлғасына айналған Шарлотте Бронтенің өмір парақтары шимай жазулар мен сиясы қоюланған хаттармен толығып, дүниежүзілік классикалық әдебиеттің таңдаулы үлгісі саналатын «Джейн Эйр» атты кітапты жазуына себепкер болады.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *