Тәтті мақтаны ойлап тапқан кім?

Сыртқы пішіні жөнінен қызғылт шаршы бұлтқа ұқсас тәтті мақталарды білмейтін адам кем де кем шығар. Ал осы тәттілердің шығу тарихы жайында біз не білеміз? Тәтті мақтаны алғаш рет ойлап тапқан кім? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін төмендегі шағын мақалаға назар салуыңызды өтінеміз. 

Ең алғашқы тәтті мақталарды 1897 жылы  американдық Джон Вартон және  Уильям Моррисон есімді кәмпит өндірісінің хас шеберлері ойлап тапты. Олар тәтті мақта өндіретін машинаны жасап шығып, 1904 жылы  Сент-Луиседе  өткен халықаралық жәрмеңкеде көрмеледі. Міне, сол жылдан бастап қана тәтті мақталар бүткіл ғаламға белгілі болып, әлемнің түрлі парктерінде һәм дүкендерінде шекердің бір түрі ретінде сатыла бастады. Алайда  таяқшаға оралған тәттілер тек 1920 жылы «Тәтті мақта» деген атауға ие болды.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *