Митхун Чакраборти

Үндістанның еңбек сіңірген әртісі һәм аты адамзат тарихы сахнасында алтын әріппен қалатын ұлы тұлға –  Митхун Чакраборти 1950 жылдың 16 маусым айында  дүниеге келген. Болашақ әртістің ата-анасы Калькутта қаласындағы телефон өндірісі компаниясында азанан кешке шейін тыным таппай жұмыс істеп,  төрт баланың (үш қыз, бір ұл) тәрбиесімен айналысқан. Метхун Чакраборти – отбасындағы тұңғыш әрі жалғыз ұл бала. Жастайынан әртістік өнердің қыр-сырын меңгеруге құмартқан Метхун Чакраборти мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің ерекше қабілетімен  көпшіліктің назарына ілігіп, түрлі іс-шараларға, әсіресе, театрлық қойылымдарға белсенді қатысады. Қойылым көруге келген халық дарынды баладан ұлы әртіс шығатынына шүбәсіз сенеді. Алайда болашақ әртіс мектепті аяқтай сала, Калькутта қаласындағы Шотландтық шіркеу колледжіне құжат тапсырып, химия мамандығы бойынша оқу оқиды. Оқу жылы барысында орайын тауып көркем фильмдерге түседі. Талантты тұлға – Метхун Чакраборти қатысқан, яки, ойнаған  фильмдер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кино-компания мен әртіске қомақты қаржы әкеледі. Осылайша, дарынды әртіс киноларда басты рөлді сомдауды жалғастырып, әлем танырлық дәрежеге жетеді. Бүгінде ұлы әртіс басты рөлді сомдаған фильмдердің саны 300-ден асады. Балалық шағымыздың аспанын шайдай ашып, жылы естеліктерге толтырған ұлы әртіске айтар алғысымыз шексіз.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *